Негізгі Жаңалықтар Бурабайдағы бірқатар туристік бағытқа бейнебақылау жүйесі орнатылды

Бурабайдағы бірқатар туристік бағытқа бейнебақылау жүйесі орнатылды


ДИКТОР: «Бурабай» ұлттық паркінің бірқатар танымал туристік бағытына бейнебақылау камералары орнатылды. Енді бұл аумақтар тәулік бойы бақылауда болады. Негізгі мақсат – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалау.

РКС: Бейнебақылау жүйесі Бөлектау тауы, «Махаббат алқабы», Аютас, Кебістас және Максимка жартастарына, сондай-ақ бірнеше бұлақтың маңына қойылды. Камералардан түсетін ақпарат жедел басқару орталығына бірден беріледі.

СНХ: АСЫЛХАН АХМЕТЖАНОВ, «БУРАБАЙ» МҰТП ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жүйе ең алдымен келушілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілді. Сонымен қатар туристердің қозғалысын бақылап, табиғатты қорғау талаптарының сақталуын қадағалаймыз.

РКС: Бейнебақылау жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді. Айналмалы камералар аумақты кеңінен бақылап, нысанды 25 есеге дейін жақындата алады. Түнде де түсірілім жалғасады. Ал бейнеаналитика жүйесі жағдайды қашықтан бақылап, қажет болған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу