Негізгі Жаңалықтар БАҚ өкілдерімен кездесу

БАҚ өкілдерімен кездесу


ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларын таныстырды. Жылу, жол, тұрғын үй құрылысы және қала инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. 

РКС: Соңғы жылдары қала қарқынды дамып келеді. Шаһарда өндіріс көлемі 104 пайызға өскен. Бірақ өсімнің артында шешімін күткен мәселелер де бар. Қала басшысының айтуынша, бүгінде ең өзекті мәселенің бірі - энергия тапшылығы. Осы ретте жылу беру жүйесін жаңғыртуға 6 миллиард 400 миллион теңге қаралған. Қаражат №1 және №2 қазандықтарды жаңартуға бағытталмақ. 

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жылу тапшылығын шешудің негізгі жолы - жылу электр орталығын салу. Электр энергиясы бойынша «Көкше» қосалқы станциясын «KEGOC» компаниясы жаңғыртып жатыр. Жұмыс басталды. Сонымен қатар тағы екі жаңа қосалқы станция салынады. Бұл электр энергиясының тапшылығын алдағы жылдарға шешуге мүмкіндік береді.

РКС: Келесі мәселе – тұрғындар жиі көтеретін ауыз судың сапасы. Тұрғындар тарапынан бұл мәселеге қатысты шағым көп түсетіні жасырын емес. Алайда қала басшысы судың сапасы барлық санитарлық талапқа сай екенін жеткізді. 

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Судың сапасы санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді деп ресми түрде мәлімдеймін. Тиісті органдар тарапынан тексеру жүргізілді. Жекелеген шағымдар бар, әр жағдай жеке қаралады. Бірақ жалпы алғанда, ауыз судың тазалығы мен сапасы барлық белгіленген нормативке сай.

РКС: Бүгін Көкшетауда 269 мыңнан астам адам тұрады. Ал болжам бойынша алдағы жылдары қала халқы 500 мыңға дейін өсуі мүмкін. Демек, бүгінгі инфрақұрылым ертеңгі жүктемеге дайын болуы тиіс. Бұл мәселе әсіресе көше-жол желісінен анық көрінеді. Осы ретте Ғабдуллин көшесінің жалғасына қатысты мәселе назар аударуға тұрарлық. Қазір бұл көше Абылай хан даңғылымен қиылысқан тұста үзіледі. Ал оны Көктем шағын ауданына қарай жалғастыру жоспарда бар ма? Әкім былай дейді: 

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Габдуллина бойынша бізде әлі жобалау жұмыстары басталған жоқ. Жалпы Бас жоспар бойынша осы жол бар. Бірақ жолдың жобасы әлі жоқ.

РКС: Демек, шаһардың Бас жоспарында бұл жолдың әзірге жобасы жоқ. Қала халқы өсіп, жаңа шағын аудандар бой көтеріп жатқанда, көлік байланысын қамтамасыз ететін маңызды бағыттың қашан іске асатыны әзірге белгісіз. Дегенмен биыл шаһарда жол жөндеуге 2 миллиард 600 миллион теңге қаралған. Бұл қаржы 30 шақырым жолды қамтиды. Сонымен қатар 100 аула жаңғыртылып, 18 ойын және 5 спорт алаңын салу жоспарланған.

 ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу