Негізгі Жаңалықтар Қазақстан азаматтығын алу үшін тест тапсыру басталды

Қазақстан азаматтығын алу үшін тест тапсыру басталды


ДИКТОР: Қазақстан азаматтығын алуға ниетті шетел және азаматтығы жоқ адамдар үшін тестілеуге өтінім қабылдау басталды. Үміткерлер қазақ тілі, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихынан сынақ тапсырады.

РКС: Өтінімдер тамыздың 10-ны мен 20-сы аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қабылданады. Ал емтихан 22-ші тамызда өтеді. Үміткерлер үш бағыт бойынша білімін сынайды - қазақ тілі, Қазақстан Республикасының Конституциясы және ел тарихы. Ең жоғары нәтиже - 100 балл. Ал шекті меже - 50 балл. Емтиханға 2 сағат 10 минут уақыт беріледі.

СНХ: АННА ПОПОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балдан өткен шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға электронды сертификат беріледі. Биыл азаматтық алу бойынша 6 өтініш қаралуда. Оның төртеуі – ересек азаматтар, екеуі – балалар. Былтыр Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 азамат Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Қазір олардың барлығы Ақмола облысында тұрады. Биыл тағы 5 азамат тестілеуден өтіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш беруді жоспарлап отыр. 

РКС: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай қарастырылған. Олар тестілеуге жеке көмекшімен қатыса алады. Бұған қоса, емтихан тапсыру уақыты 30 минутқа ұзартылады. Айта кетейік, тестілеу шаһарда Абай көшесі, 139 мекенжайында өтеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу