Негізгі Жаңалықтар Өңірде «Игілік» пен «Береке» бағдарламаларын дамытуға 26 миллиард теңге бөлінді

Өңірде «Игілік» пен «Береке» бағдарламаларын дамытуға 26 миллиард теңге бөлінді


ДИКТОР: Ақмола облысы республикада бірінші болып «Игілік» және «Береке» жаңа бағдарламалары бойынша жеңілдікті несие беруді бастады. «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы өңірге аграрлық несие корпорациясы жоспарлаған 26 миллард теңге қаражаттың 15 миллиард теңгесі түсті. 

РКС: Фермерлер үшін басты шарт - жылдық 6 процент төмен мөлшерлеме және 7 жылға дейінгі несие мерзімі. Бұл ретте төлемдер бойынша кейінге қалдыру қолданылады. Мәселен, «Игілік» бағдарламасы бойынша 2 жылға дейін және «Береке» бағдарламасы бойынша 30 айға дейін кейінге қалдыруға болады. Мұндай жеңілдік шаруашылықтардың мал өсіріп, жұмысты жолға қойып, негізгі қарызды қайтару уақыты келгенше тұрақты табыс табуы үшін берілген.

СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Игілік-Береке» бағдарламаларымен Ақмола облысында ірі қара малдың басын 3,5 есеге дейін, яғни 1 млн 300 мың басқа дейін арттыруды қолға алып отырмыз. Таяу арада ғана Ақмола облысының әкімі арнайы Канадаға сапармен барып келді. Канададағы Telus Agribusiness компаниясымен тиісті меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда Ақмола облысында осы етті кластерді қалыптастырудың төрт негізгі қаржыландыру механизмін ұсынып отырмыз.

РКС: Берілетін қаражатқа отандық немесе шетелдік сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе, марал мен бал араларын сатып алуға жұмсауға болады. Негізгі міндет - мал басын көбейту ғана емес, оның сапасын жақсарту. Ол үшін тұқымдылығы мен жасы бойынша қатаң талаптарды сақтау қажет. Сатып алынған барлық мал міндетті түрде мемлекеттік деректер базасында тіркеледі.

СНХ: АЙДАР НЫҒМЕТОВ, «АГРОФИРМА «ЖАҢА БЕРЕКЕ РЕПРОДУКТОР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Үкімет «Игілік» және «Береке» бағдарламалары бойынша аналық мал басын сатып алуға өте көп қаражат бөлді. Қазір бірінші кезең аясында шетелден сатып алу жүріп жатыр. Біз бұл жобаны аяқтау үстіндеміз және мұнда 4000 бас дорпер тұқымын импорттауды жоспарлап отырмыз. Бұл өте тиімді тұқым, ерекше ет сипаттамаларына ие. Мысалы, егер жергілікті қозы 10 айлығында 45 кг салмаққа жетсе, дорпер тұқымымен бұл нәтижеге тек 4 айда қол жеткіземіз.

РКС: Мұндай қаржы базасы 2030 жылға қарай облыста ет өндірісін 318 мың тоннаға дейін, ал экспортты 10 есе, яғни 50 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу