Жаңа жағалауда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
ДИКТОР: Жаңа жағалаудың маңын 100-ге жуық волонтер қоқыстан тазартты. Халықаралық жастар күніне орай Eco Plogging шарасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Игі бастамаға белсене қатысқан жастар жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан арылтып, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.
РКС: Жаңа жағалауға жиналған жастар тазалық шарасын дене жаттығуларынан бастады. Жаттығу жасап, бойларын қыздырып алған соң, олар жағалау бойына шашылған қоқыстарды жинауға кірісті.
СНХ: АРУЖАН НҰРСЫЛТАН, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: «Таза Қазақстан» акциясына сыныптастарыммен, құрбыларыммен келіп, осы қаланың гүлденуіне, құлпыруына өз үлесімізді қосудамыз. Жазғы демалысымызды осындай пайдалы іске, қаламыздың көркеюіне үлесімізді қосқанымызға өте қуаныштымыз.
РКС: «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаны қорғаумен қатар, жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл шараға тек қала жастары ғана емес, облыстың барша жастары ат салысуда.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл бойы көптеген шаралар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілуде. Оған көп дегенде біздің жастарымыз өте белсенді қатысып келеді. Көптеген акциялар эсо акциялар, рloggingтер шалғай аудандарда, шалғай ауылдарда өткізілуде. Бүгінгі таңда 160-тан астам «Жасыл ел» жасақтары және 250-ге дейін барады жастарымыз, бұүл волонтерлер қатысуда.
РКС: Тазалық бұл, жауапкершілік. Сондықтан әрбір азаматтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауы туған жердің ажарын айшықтап, келер ұрпаққа таза әрі қауіпсіз мекенге жол ашпақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ