Диқандар сапалы астық өндіруге басымдық берді
ДИКТОР: Ақмола облысында егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Диқандар дәнді дақылдардың 10 пайыздан астамын, ал майлы дақылдардың 6 пайызын жинап үлгерді. Биыл өңірде өнім көлеміне ғана емес, оның сапасына да ерекше мән беріліп отыр. Кейбір аудандарда дәннің клейковина көрсеткіші 40 пайызға дейін жетеді.
РКС: Жарқайың ауданында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Уәлиханов ауылындағы шаруашылық биыл 31 мың гектар жерге егін еккен. Оның 29 мың гектарына жаздық жұмсақ бидай, мың гектардан астамына арпа, қалған бөлігіне солтүстік зығыр себілген. Биыл алқаптағы астықтың пісуі ерте жүріп, шаруалар егін жинау жұмыстарына 4 тамызда кірісті. Бұл – әдеттегі мерзімнен екі аптаға ерте.
СНХ: СВЕТЛАНА ОРЕХОВА, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС АГРОНОМЫ: Біздің өңірде басты мақсат – тек мол өнім алуға, көп астық жинауға ұмтылу емес. Негізгі міндетіміз – сапалы астық өндіру. Биыл біз осы мақсатқа қол жеткіздік. Клейковинасы жоғары, сапалы астық алдық. Қазір клейковина көрсеткіші тұрақты түрде 36–38 пайызды құрап отыр. Кейбір астық партияларында клейковина мөлшері тіпті 41 пайызға жетті. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Сапасы жақсы. Бүгінде қол жеткізген астық сапасының деңгейін біздің өңір үшін үлкен жетістік деп санаймын.
РКС: Жоғары сапалы астық алуда сорт таңдаудың маңызы зор. Шаруашылықта ғалымдардың ұсынымдары негізінде өнімділігі мен сапалық көрсеткіштері жоғары сорттарды өсіру технологиясы енгізіліп жатыр. Мамандар минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы дақылдың өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік бар екенін айтады.
СНХ: БАҚЫТ ЕРМҰРАТОВ, А.И. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз мұнда жақсартылған Шортанды-95 сортын өсіріп жатырмыз. Бұл – сапасы жоғары сорт. Осы сортты жергілікті жағдайға бейімдеп, минералды тыңайтқыштарды қолдану технологиясын енгіздік. Соның арқасында өнімділікті 25 пайызға арттырып, астық сапасын да жақсарттық. Қазір гектарынан 10 центнерден жоғары өнім алып отырмыз. Ал клейковина көрсеткіші 35 пайыздан асып, кей жерлерде 40 пайызға дейін жетеді.
РКС: Аудандағы егін жинау науқанына қажетті техника мен жанар-жағармай қоры алдын ала әзірленген. Биыл шаруалар машина-трактор паркін жаңартып, егін жинау жұмыстарына дайындықпен кірісті. Майлы дақылдардың көлемі де артып келеді. Әсіресе, құрғақ климатқа бейім солтүстік зығырын өсіруге қызығушылық жоғары.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл ауданда 690 мың гектар жерге егін егілді. Оның 661 мың гектарын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Қазір егіс алқаптарының 10 пайызы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 11,1 центнер болып отыр. Ауданда 963 комбайн бар, оның 112-сі импорттық техника. Биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері машина-трактор паркін жаңартып, тағы шамамен 50 бірлік техника сатып алды.
РКС: Өңір шаруашылықтарына астық сапасын жақсарту үшін заманауи агротехнологиялар енгізіліп жатыр. Биыл аймақта 5 миллион 600 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнімділікті арттыру үшін 433 мың тонна тыңайтқыш дайындалды. уақытылы жүргізу үшін фермерлерге 81 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі жиналып жатқан дәнді дақылдардың алғашқы партияларының сандық құрамы ақуызы 17-19%, кликовина 40%-дан жоғары. Натура 790 көрсетіп отыр. Бұл хай про премиум бидайы. Яғни экспортқа бағытталған жоғары протеинді бидай. Бір гектардан алынатын жоғары сапалы бидайдың табысы орташа бидай сапасымен салыстырғанда 44% ке бір гектардан біздің агроқұрылымдар жоғары табысқа қол жеткізеді деп жоспарлап отырмыз.
РКС: Егіс алқаптарында 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істеп жатыр. Ал күзгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін фермерлерге 81 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ