Негізгі Жаңалықтар Есірткіге қарсы қозғалыс

Есірткіге қарсы қозғалыс


ДИКТОР: «Қауіпсіз пойыз!» акциясы аясында Көкшетау қаласының перронына арнайы тақырыптық жолаушылар пойызы келіп тоқтады. Іс-шараның мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіден азат өмірді дәріптеу. 

БЛИЦ: 

- Есірткі жаман нәрсе. Оның кесірінен адамдар қайтыс болуы, жаман істерге баруы мүмкін. 

- Менің ойымша, есірткі жаман нәрсе. Оны қолдануға тыйым салу керек. Ешкім есірткі қолданбауы тиіс деп ойлаймын. 

РКС: Пойыз өз сапарын елордадан бастады. Арнайы құрам вагондары профилактикалық материалдармен безендіріліп, есірткі заттарынан бас тартуға шақыратын үндеулер орналастырылған. Көкшетау қаласына келгеннен кейін желілік полиция қызметкерлері жолаушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Бастама жолаушылар тарапынан оң бағасын алды.

СНХ: НИКОЛАЙ ХОХЛОВ, ЖОЛАУШЫ: 

Мен есірткіге тәуелді болған көптеген адамдарды көрдім. Оның салдарын да көрдім. Бұл өте қорқынышты нәрсе. Мен өзім есірткіге қарсы бірнеше акцияға қатыстым. Колледж атынан баннерлер мен плакаттар іліп, баллончикпен «Есірткіге жол жоқ» деп жазғанмын. Мен есірткіге қарсымын. Сондықтан осындай акциялар көбірек өткізілсе екен деймін. 

РКС: Бұл бастама «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, басты міндет – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру.

СНХ: БАҚТИЯР МӘУЛИЕВ, КӨКШЕТАУ СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, жастардың бойында заң мен тәртіп қағидаттарын, жеке жауапкершілікті және салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру. Профилактикалық жұмыстар, азаматтармен ашық диалог орнату және барлық мүдделі тараптардың тығыз өзара іс-қимылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарттары екеніне сенімдіміз. «Қауіпсіз пойыз» акциясы – бір реттік іс-шара емес, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, қылмыстың алдын алуға және заң мен тәртіпті, денсаулық пен жарқын болашақты таңдаған ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. 

РКС: Тақырыптық пойыз өз қозғалысын жалғастырып, күн сайын Астана–Бурабай бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайды. Бұл акцияның профилактикалық шаралармен халықты тұрақты қамтуына мүмкіндік береді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ






Бөлісу