Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда спорттық шара өтті

Көкшетауда спорттық шара өтті


ДИКТОР: Көкшетаулықтар спорт күнін атап өтуде. Қала тұрғындары мен кәсіби спортшылар Қопа көлінің жағалауына жиналып, спорттық шараға қатысты.

РКС: Көкшетаулықтар таңды спортпен бастады. Шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Аймақ басшысы қала тұрғындарына зор денсаулық тілеп, барша жұртты мерекемен құттықтады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Салауатты өмір салты – ел болашағының кепілі. Баршаңызды спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрқайсыңызға сәттілік, зор денсаулық пен толағай табыс тілеймін. Дені сау ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы. Спорт күні құтты болсын.

РКС: Қатысушылар сергіту жаттығуынан кейін 3 шақырымдық жеңіл атлетикалық кросс пен скандинавиялық жүріске қатысты. Ал велосипед тебуді таңдағандар 12 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Бұқаралық стартқа спорт әуесқойлары мен белсенді қала тұрғындары жиналды.

БЛИЦ: 

- Ассалаумағалейкүм, құрметті Көкшетау тұрғындары, бүгін спорт күні құтты болсын, бәріне денсаулық, денсаулықтары мықты болсын, спортпен айналысыңыздар, қайырлы болсын спорт күні! (00:16)

- Я сам для себя занимаюсь велоспортом, для здоровья. Чтобы, во-первых, утром зарядиться энергией. А так я начал заниматься для себя. Понравилось ездить на велосипеде. 

- Уважаемые жители города Кокшетау, поздравляю с днём физкультуры и спорта. Желаю всем здоровья, успехов в жизни, семейного благополучия, а также заниматься спортом. Приходите на набережку, занимайтесь каждое утро! Здоровье превыше всего! 

РКС: Сергіту шарасында кәсіби спортшылар да бой көрсетті. Олар көпшілікті салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты айналысуға шақырады. 

СНХ: НҰРИСЛАМ САНАЕВ, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Бүгін елімізде Спорт күні аталып өтуде. Осы орайда көкшетаулықтар мен Ақмола облысының тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін. «Спорт – өмір, өмір – спорт» демекші, денсаулықты күтіп, белсенді өмір салтын ұстанған жөн. Жас ұрпақты спортпен тұрақты айналысуға шақырамын. Көкшетаудан Олимпиада, әлем чемпионы шықса екен деген тілегім бар. Таңертең аздап жүгіріп, жаттығу жасап, бойды сергітіп алған дұрыс. Күнді белсенді бастасаңыз, күні бойы сергек жүресіз.

РКС: Шара соңында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қала тұрғындарының айтуынша, таңғы сергіту – күнді сергек көңіл-күймен бастаудың тамаша мүмкіндігі. Жиынға келгендер өздерін тың сезініп, күш-қуатпен тарқасты.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар