Жақсы ауылында жастар орталығы салынып жатыр
ДИКТОР: Жақсы ауылында жастар орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Жалпы аумағы 760 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат 80 адамға лайықталған. Аталған жобаны жылдың аяғында тапсыру жоспарланған.
РКС: Қазіргі уақытта мердігерлер іргетас жұмыстарын толығымен аяқтады. Бетон еден құйылды. Периметр бойынша қоршау орнатылып, бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары қаланды. Жобаға сәйкес, ғимаратта мәжіліс залы, кеңселер және киім ілгіш орналасады.
СНХ: БАҚЫТЖАН ҚАРАРОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Бүгінгі таңдағы жұмыстар бойынша, біріншіден толығымен құрылысмалар аяқталды, кликалар қойылып, екінші қабаттың қыштары өрілуде. Сыртқы инженерлік желіге кіретін болсақ, электр жүйесі толығымен тартылған, жылыу жүйесі толығымен ішке кірген, имараттың ішіне су мәселесі қосылған, канализациялар сыртқа шығарылған. Құрылыс бойынша объектіде сыртқы құралатын жұмыстар көрсетілген, оны толығымен орындаймыз. Жұмысқа кіргізуге ешқандай кедергі, ештеңе жоқ. Бәрі талапқа сай орындалуда.
РКС: Мұндай орталықтың ашылуы ауыл тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Олардың пікірінше, бұл заманауи кеңістік жастардың бос уақытын өткізетін, үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын орынға айналады.
СНХ: НҰРЛЫБЕК НҰРМАҒАМБЕТОВ, ЖАҚСЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қазіргі таңда жастар өз бос уақытын үйде, спорт алаңдарында өткізеді. Жастар орталығы осындай жастарды біріктіріп, уақытын тиімді пайдалануға өте қажет. Алда ауылда жастарға арналған заманауи кеңістік керек деп ойлаймын. Осындай орталық ашылса, жастар бір-бірімен интеллектуалды түрде шыңдалып, өз-өздерін дамытады деп есептеймін.
РКС: Сонымен қатар, ауданда ауыл тұрғындарына арналған басқа да әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр.
СНХ: ДУЛАТ ЖАМБАЕВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жақсы ауданында жыл сайын әлеуметтік саладағы жобалар жүзеге асырылады. Биыл Жақсы ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, сонымен қатар сол ауылда жастарға арналған демалыс орталығының құрылысы жүргізілуде. Тиісті мекемеге жаңа әлеуметтік жобаларды бастау жөнінде ұсыныстар жолданды, атап айтқанда, болашақта Новокиенка ауылында қоғамдық орталық, Беловодскоеде мәдени-спорттық кешен, Калининскоеде ұңғымалы су алу нысаны және Жақсы ауылында балабақша салу жоспарлануда.
РКС: Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл алаң түрлі мерекелік шараларды өткізетін орынға айналады деп жоспарлануда.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.