Негізгі Жаңалықтар Сандықтау ауданында майлы дақылдар алқабы бес есеге ұлғайды

Сандықтау ауданында майлы дақылдар алқабы бес есеге ұлғайды


ДИКТОР: Сандықтау ауданында майлы дақылдар алқабы соңғы екі жылда 5 есеге ұлғайған. Енді өңірде ауыл шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі мен туризмді дамытуға басымдық берілмек. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

РКС: Биыл Сандықтауда 389 мың гектар жерге көктемгі егіс жүргізілген. «Кең дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 9,3 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл былтырғыдан екі есе көп. Қазір ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 3,2 миллиард теңге болатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Алайда аймақ басшысы тек мұнымен шектелмеу керек,-дейді. Әсіресе, мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Сондықтан мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану қажет.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауыл шаруашылығы әрдайым екі негізгі бағытқа сүйенеді: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Бүгінде мемлекет мал шаруашылығын дамытуға ерекше мән беріп отыр. Қазір «Ігілік», «Береке», «Жайлау» сияқты бағдарламалар бар. Олар арқылы шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі. Бұл қаражат асыл тұқымды мал алуға, репродукторлар құруға, мал бордақылауға және жем-шөп базасын дамытуға бағытталған. 

РКС: Ауыл шаруашылығынан бөлек, ауданда тағы бес инвестициялық жоба қолға алынған. Олардың жалпы құны - 2,1 миллиард теңге. Ендігі міндет - осы қарқынды бәсеңдетпей, аудан экономикасын одан әрі дамыту. Осы ретте өңдеу өнеркәсібін, шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету саласы мен туризмді дамытуға басымдық берілмек.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сандықтау енді, Құдай берген табиғат керемет жер. Осы жерге келіп, демалыс орындарын ашып, туристерді шақырып, бүкіл мүмкіндігі бар. 

РКС: Инфрақұрылым мәселелері де біртіндеп шешіліп келеді. Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарына ортақ су құбырының құрылысы аяқталды. Қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба толық іске қосылса, мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылады. Ал Балқашино ауылында жаңа қазандық пен бір шақырым жылу желісі салынып жатыр. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңа жүйе 117 абонентті тұрақты жылумен қамтамасыз етеді. Жол мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 0023 Новоселовка жолына кіреберіс жолда үш құбыр жөнделді. Биыл да ол жұмыс жалғасуда. Каменка ауылына кіребереріс жол биыл басталды. Жобаның құны 140 млн теңге. Биыл 75 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда 75 пайызы жұмыстар аяқталуда. 

РКС: Қазір ауданда бірден үш медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Олар іске қосылған соң, 20 елді мекендегі 5 мыңнан астам тұрғын заманауи алғашқы медициналық көмекке қол жеткізеді.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Жиын соңында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір том азамат және білім мен спортта аудан және облыс намысын қорғап жүрген оқушыларды марапаттады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ



Бөлісу

Аймақтық телеарналар