Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда жастар күні атап өтілді

Көкшетауда жастар күні атап өтілді


ДИКТОР: Көкшетауда Халықаралық жастар күні атап өтілді. Қала жастарына арналған ауқымды бағдарлама әзірленіп, қатысушылардың бастары спорттық жарыстарда, шығармашылық аймақтарда, робототехника сайыстарында, ойындар мен концертте тоғысты.


РКС. Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі белсенді жастарды арнайы атап өтумен ерекшеленді. Бастамашылдығы, жетістіктері және өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін он бес жас азамат облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

 

СНХ: ӘЛіШЕР НҰРКЕНОВ, ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТ АВТОРЫ: Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймын! Бүгін осы алғыс хатты алғаныма қатты қуандым әрі таңғалдым. Бұл үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Мен Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында контент жасаймын. Бүгінгі іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Барлық жастарды мерекемен құттықтаймын! Қаламызды жақсарту жолында бірге еңбек етейік. 


РКС: Марапат иегерлерінің арасында шығармашылық пен контент жасаудан бастап, технологиялар мен бағдарламалауға дейінгі алуан түрлі салада қызмет етіп жүрген жастар бар.


СНХ: ТИМУР ҚАРАБҰЛАҚ, БАҒДАРЛАМА ӘЗІРЛЕУШІ: Мен шамамен бір жыл бойы бағдарламалаумен айналысып келемін және білімімнің жоғары деңгейіне жеттім. Мобильді қосымшаларды әзірлеу арқылы Dark бағдарламалау тілін қолданып қосымша жасап жатырмын. Бұл марапатты алғаныма қуаныштымын. Мен бұған жету үшін ұзақ уақыт бойы көп еңбек еттім және табандылық таныттым. 

 

РКС: Облыс басшысының орынбасары Досұлан Айтбаев шараға қатысушыларға құттықтау сөзін арнады.


СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, жастар – жаңа идеялардың қайнар көзі және өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан бүгінгі таңда жастардың өздерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін білуі, заңды құрметтеуі және еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімін арқалауы ерекше маңызды. Мемлекет жастардың сапалы білім алуына, талантын шыңдауына, спортпен шұғылдануына, өз жобаларын жүзеге асыруына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына қажетті барлық жағдайды жасап жатыр. Дәл осындай белсенді, білімді әрі жауапты жастар мемлекетіміздің одан әрі дамуына берік негіз қалайтынына сенімдімін.


РКС: Мерекелік бағдарлама бірнеше алаңды қамтыды. Қатысушылар спорттық жарыстар, шығармашылық пен ойын-сауық қойылымдары сияқты алуан түрлі шараларға қатысып, көңіл көтерді. Іс-шараны ұйымдастыруға жас белсенділер мен еріктілердің үлес қосқанын атап өткен жөн.

ИНТЕРШУМ: КОНЦЕРТ


РКС: Мерекелік күн концерттік бағдарламамен және жас өнерпаздардың өнер көрсетуімен аяқталды. Музыка, би және көңілді атмосфера қатысушылардың басын қосып, көңіл-күйлерін көтерді. Ашық аспан астында өткен бұл шара тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жастарға өз таланттарын көрсетуге, жаңа достар табуға және есте қаларлық күнді жақсы өткізуге мүмкіндік берді.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар