Негізгі Жаңалықтар Қазақстанда 589 дәрінің бағасы төмендеді

Қазақстанда 589 дәрінің бағасы төмендеді


ДИКТОР: Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді. Мұндай мәліметтер шілде айындағы мониторинг қорытындысы бойынша алынды. Мамандар еліміздің 20 өңірінде екі жарым мыңнан аса дәрі-дәрмек түрлерін тексерген. 

РКС: 1267 препарат бойынша баға өзгеріссіз қалды. Бұл ретте 147 позиция бойынша құн 20 проценттен төмендеген. Тағы 198 дәрі бойынша баға 10 процентке түскен. Арзандаған препараттар тізіміне жұқпалы, жүрек-қан тамыры және асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеуге арналған дәрілер кірді. Олардың арасында Зитмак, Цефтриаксон, Пантап, Лизиноприл, Энап, Пульмикорт және Амоксиклав бар. 

СНХ: ЕЛЕНА ШМИДТ, ФАРМАЦЕВТ: Бағаның төмендеуі - бұл бірінші кезекте дәріханалардың клиенттері үшін де, қандай да бір аурулары бар пациенттер үшін де қолайлы, себебі кейбір қажетті препараттарды қымбат болғаны үшін науқас толық курс сатып ала алмайтын. Ал қазір олар қолжетімді бола бастады. Сондықтан бұл да бірінші кезекте клиенттер үшін жасалған қадам. 

РКС: Сонымен қатар, сатып алушы дәрілік заттың бағасын қаптамадағы Data Matrix кодының көмегімен тексере алады.

СНХ: ГАУҺАР АЙТМҰХАНБЕТ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекеттік бағалық реттеуге 3039 рецептілік дәрілік зат жатады. Шекті бағалардың сақталуын бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ сатып алушы бағаны NAQTY ONIM мобильді қосымшасында тексере алады және онда өндіруші, дистрибьютор, препарат сатылатын дәріхана, сондай-ақ белгіленген шекті баға көрсетілген.

РКС: Егер дәріханадағы дәрінің бағасы белгіленгеннен жоғары болса, сатып алушы бұл туралы цифрлық сервистер арқылы хабарлай алады. Бірінші жартыжылдықта мамандар осындай алты оқиғаны анықтады. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн 400 мың тенгені құрады. Бағаны тексеру жалғасуда. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай бақылау қажетті дәрі-дәрмектердің қолжетімді бағасын сақтауға көмектеседі деп есептейді. Жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріханалармен бірге жүргізіледі. Фармацевтикалық нарық өкілдерімен дәрі-дәрмектерді жеткізу және бағаның негізсіз көтерілуіне қарсы шаралар талқыланды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БАУРЖАН СМАГУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар