Сандықтау ауданында спорт пен туризм дамып келеді
ДИКТОР: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Сандықтау ауданына барды. Сапар аясында ол аудандағы спорт және туристік нысандардың жұмысымен танысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл - Балкашинодағы шаңғы-роллер трассасы. Болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы дәл осындай спорт алаңдарынан басталады. 11 жастағы Ангелина Кульбаба шаңғы спортымен жеті жылға жуық айналысады. Алғашында биатлонды меңгерген ол, қазір шаңғы жарысына ден қойған. Жас спортшының мақсаты - айқын, арманы - асқақ.
СНХ: АНГЕЛИНА КУЛЬБАБА, ЖАС СПОРТШЫ: Бұл спорт маған өте ұнайды. Алдағы уақытта Щучинск қаласында өтетін ауыл ойындарына қатысқым келеді. 14 жасымда сол жарыста жүлдеге ілігіп, спорт шеберлігіне кандидат атансам деймін. Қазір 11 жастамын, сондықтан осы мақсатқа қазірден бастап дайындалып жүрмін.
РКС: Былтыр мұнда күрделі жөндеу жүргізілген. Ұзындығы 2,5 шақырым жолдың асфальт жабыны ауыстырылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Ал биатлоншылар үшін 20 нысаналы атыс шебі бар. Қазір мұнда шаңғы жарысы мен биатлоннан 300-ге жуық спортшы жаттығады.
СНХ: ВЯЧЕСЛАВ ПАРФЕНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Біз мұнда Сандықтаудан келіп, жаттығамыз. Қазір асфальт сапасы өте жақсы, балаларға жаттығуға қолайлы. Мұнда Ақкөл, Балкашино, Каменка және басқа да елді мекендерден спортшылар келіп жаттығады. Тіпті өзге өңірлерден келіп жаттығатындар да бар.
РКС: Сандықтау ауданы қысқы спорт түрлерін дамытуға қолайлы. Алдағы уақытта мұнда оқу-жаттығу базасын салу жоспарланып отыр.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Спорт, он дает толчок развитию, совершенствованию человека. Поэтому занимайтесь спортом, делайте хорошие результаты, радуйте себя в первую очередь, своих близких, тренеров своих, и чтоб страна гордилась вами. Всем вам успехов, хорошего настроения, бодрости духа. Скоро на занятия пойдете в школу. Соскучились, наверное, уже? Нет?
РКС: Ауданда туризм инфрақұрылымы да дамып келеді. Балқашино ауылындағы Жабай өзенінде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында жаңа жағажай салынып, тұрғындар мен туристерге арналған заманауи демалыс орны ашылады. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылуда.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Социальная ответственность бизнеса, как мы договаривались. Будете оказывать помощь. Там где работаете. Как мне доложили, стал налогоплательщиком Сандыктауского района. Тоже хорошо, более полумиллиарда налогов будет поступать.
- Прошлый год мы закрыли 650 млн, в этом году я думаю показатели будут примерно такие же по плану.
СНХ: ВЛАДИСЛАВ ГАЕВСКИЙ, «ЦЕЛИНГИДРОТЕХ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Жоба бойынша ұзындығы - 5,2 шақырым. Жұмыс барысында өзен арнасының екі бөлігі - 800 метр және 2,6 шақырым болатын учаскелер түзетіліп, қамыс пен бұталардан тазартылды. Сонымен қатар жоба аясында бір миллион текше метр су жинайтын шағын су қоймасы қарастырылған.
СНХ: АРТЕМ УДОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұрын бұл жерде қамыс пен бұта ғана болатын, көлдің түбі тұнба еді. Ешкім шомылмайтын, көбіне балықшылар келетін. Қазір міне, жақсы жағажай салынып, демалысқа барлық жағдай жасалған. Жағажай футболы, волейбол, турник бар. Балалар да спортпен айналысып жүр. Өзім де футбол ойнаймын. Енді күн сайын осында келіп, демалып, спортпен шұғылдануға болады. Туристер де көптеп келеді деп ойлаймын.
РКС: Қазір жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Нысан тамыз айының соңында пайдалануға беріледі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ