Негізгі Жаңалықтар Суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру керек

Суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру керек


ДИКТОР. Су ресурстарын заңсыз пайдаланғандарға биылғы жылдың жеті айында 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. 22 әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың су қорын жүргізу мен пайдалану саласында өздеріне жүктелген міндеттерді сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау үнемі жүргізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды. 


РКС. Облыс аумағында барлығы 593 елді мекен орналасқан болса, 375 елді мекеннің аумағында жағалау сызығының жалпы ұзындығы шамамен 980 километрді құрайтын 250 су обьектісі орналасқан. 183 елді мекендегі 60 су нысаны бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген.193 елді мекен бойынша 198 су нысаны қорғау аймағына енбеген. Биыл тағы 16 су айдыны арнайы белдеуге кіргізілді. 


СНХ АЙБЕК СЕРӘЛІ, ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Биылғы жылғы анализдеріміз бойынша суды алатындар 1 гектар, 2 гектар кішкентай крестьяндар, жеке шаруашылықтар. Олар енді білместіктен алынған. Бәріне ескертілді. Биылғы жылы 26 штраф салынды және ескертулер жасалды. 10 гектар барларда рұқсаттары бар, халыққа бәрін түсіндіріп, ескертіп жатырмыз. Қазіргі күні рұқсаттарын рәсімдеу үстінде барлығы.


РКС. Инспекция тарапынан ақпараттандыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Биыл Астана, Петропавл, Көкшетау қалаларында халық көп жиналатын орындарда су көздерін сақтауға қатысты түсіндіру акциялары жүргізілген. Халықаралық әуежайларда, теміржол вокзалдарында, сауда орталықтары мен базарларда суды үнемдеу жайында жадынамалар таратылған. 


СНХ АЙБЕК СЕРӘЛІ, ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Су үнемдеуге барлықтарыңызды шақырамыз. Бірінші мәселе үйде суды үнемдеу, екінші мәселе табиғи жердегі су орындарындағы тазалықты сақтау және сол орындарды күтіп ұстау бойынша өзімізден бастап мәдениетті қалыптастырсақ. Сол мәдениет келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады.


РКС. Биыл біздің өңірдегі суармалы жерлердің көлемін 47 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекеттік қызметтердің 100 пайызы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілген. Инспекцияға келіп түскен екі мыңға жуық азаматтың өтініші қаралған. Оның басым бөлігі суға қолжетімділік бағытында болған.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ,САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар