Ақмолада спорт күні салтанатты түрде аталып өтті
ДИКТОР: Тамыздың үшінші жексенбісі - Қазақстанда Спорт күні. Осы айтулы датаға орай Ақмола облысында спорт саласының үздіктерін ұлықтаған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада өңірдің үздік спортшылары, білікті бапкерлері, спорт ардагерлері мен сала мамандарына құрмет көрсетілді. Жиында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел спортының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген жандарға алғысын білдірді. Ол спорттың тек жоғары жетістіктер алаңы ғана емес, өскелең ұрпақты жігерлілікке, табандылыққа тәрбиелейтін маңызды бағыт екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл күн дене шынықтыру мен спортты дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтар үшін кәсіби мереке ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтты ұстанудың маңызын айқындайтын ерекше күн. Спорт-халық денсаулығын жақсартып, бәсекеге қабілетті қоғам құруға мүмкіндік береді. Мемелекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев дене шынықтыру мен спортты дамытуға баса назар аударады. Спортты әрбір тұрғынға, әсіресе жастарға қол жетімді ету бойынша үлкен міндеттемелер қойып отыр.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Жиынның маңызды бөлігі, Ақмола облысының әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі. Құжат аясында Қосшы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, Көкшетаудағы футбол стадионы мен Инклюзивті спорт орталығын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жобалар өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындар үшін бұқаралық спортпен айналысуға жаңа мүмкіндік ашуға бағытталған.
ИНТЕРШУМ ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ:
СНХ: ҒИБРАТ АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Біз бұқаралық және балалар спортына ерекше көңіл бөлеміз. «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен бүгінде 19 спорт кешені бой көтерді. Биыл еліміздің 9 өңірінде тағы 11 нысанды іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 3 инклюзивті спорт орталығы бар.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Былтыр ел игілігіне берілген 13 жаңа спорт кешенінің 7 ауылдық елдімекендерде бой көтерді. Әсіресе, шалғай елді мекендерде жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Бұл ауыл спортына көрсетілген қолдаудың нақты нәтижесі.
СНХ:ЖҰМАН МҰҒЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Бүгінгі спорт күнімен барша спортшыларды құттықтаймын шын жүректен. Біздің мына ұлттық спортымыз жақсы дамып келе жатыр. соның ішінде қазақ күресі. Жастарымыз қазір жақсы деңгейде, биік деңгей көрсетіп жатыр нәтижелерді. Ауылымызда спорт жақсы дамып жатыр. Ұлттық спорт ішінде көкпар бар.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Салтанатты шарада халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын Ақмола спортшыларына да ерекше құрмет көрсетілді. Азия және Параазия ойындарына лицензия жеңіп алған 10-нан аса спортшыға ақшалай сертификаттар табысталды. Олардың қатарында триатлон, садақ ату, бокс, джиу-джитсу, пара жүзу және пара оқ атудан спортшылар бар.
СНХ:ЕРКІН ҒАББАСОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ: Парижде 2024 жылы өткен параолимпиадасының күміс жүлдегерімін. Осы спортта кәсіби түрде 2022 айналысып келе жатырмын. Бәрі ойлайды мылтық ату оңай деп. Оңай спорт түрі емес. Алдымызда әлем чемпионаты өтейін деп жатыр. Кореяда. Соған дайдаламыз. 25 тамыз күні басталады. Содан кейін аржағында параазия ойындары Японияда өтеді. 2 үлкен дүбірлі сайыс тұр алдымызда. Барша спортшыларды мерекемен құттықтаймын.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Ақмола спортының бүгінгі жетістігі –талай жылдық еңбектің жемісі. Ал жаңа жобалар мен жас спортшыларға көрсетілген қолдау бұл жетістіктердің жалғасын табарына сенім береді. Ақмола спортшылары халықаралық аренада ел намысын қорғап, көк туымызды биіктен желбіретуге дайын.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ