Педагогтардың еңбек құқықтары қорғалды
ДИКТОР: Степногорскіде білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары қорғалды. Қалалық прокуратура жүргізген талдау барысында педагогтарға тиесілі іссапар шығындарының бірнеше ай бойы өтелмегені анықталған. Заң бұзушылықтар қалалық білім бөлімінде тіркелді. Тексеру барысында оқу курсынан өткен 11 педагогқа заңнамада қарастырылған іссапар шығындарының бірнеше ай бойы төленбегені анықталды. Өтелмеген қаражаттың жалпы сомасы 1,8 миллион теңгеден асқан. Прокуратураның араласуынан кейін анықталған заң бұзушылықтар жойылып, педагогтарға тиесілі қаражат толық көлемде өтелді. Ал жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.