Республикалық маңызы бар жолдардың үш учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
ДИКТОР: Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдардың биыл 20 пайызы күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр. Барлығы 12 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 45 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде 3 бағыттағы жол орташа жөндеуден толық өтіп, пайдалануға берілді. Олар Жезқазған-Петропавл бағытындағы Есілден Арқалыққа апаратын 45 шақырымдық жол. Одан кейін еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын маңызды көлік дәлізі жаңартылды. Ол Ресейдің Екатеринбург бағытындағы Жақсы мен Атбасар ортасындағы жол. Сонымен қатар биыл Көкшетау-Зеренді бағытындағы автомобиль жолы 7 метрден 11 метрге дейін кеңейтілді. Бұл курортты аймаққа беттеген көліктер легінің артуына өз септігін тигізеді,-дейді Қазавтожол ұлттық компаниясының мамандары. Жалпы, биыл облыс бойынша 420 шақырымды құрайтын 10 шақты учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Басымдық кеңес заманынан жөндеу көрмеген жолдарды жаңартуға берілген. Егер аталған жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталса, өңірдегі сапалы жолдардың үлесі 97 пайызға жетпек.
СНХ: ХАМЗАТ СҰЛТАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жөндеу жұмыстары бойныша Жақсы –Солтүстік Қазақстан жолына апаратын 58 шақырым күрделі жұмыстарды толығымен биыл жасап жатырмыз. Биылға толығымен жолды ашуға жұмыстанамыз. Одан кейін Есіл арқылы өтетін көпір жұмыстарын жасап жатырмыз. Көпірді салып болдық, қазір үстіңгі қабатын асфальт-бетон жабындысымен жалғасып, осы жылдың соңына шейін толығымен тапсырып, сол көпірді тапсырамыз.