Негізгі Жаңалықтар Қаржылық сауаттылық - маңызды дағды

Қаржылық сауаттылық - маңызды дағды


ДИКТОР: Ақмолалық кәсіпкерлер қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер алды. Көкшетау қаласында кәсіпкерлерге арналған семинар өтті. Өз ісін жүргізетіндер салық қауіпсіздігі, несиелеу және қаржы саласындағы белгілі сарапшы Дмитрий Казанцевпен кездесті. Тұрақты капиталды сақтау үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі туралы келесі сюжетте.  

РКC: Қаражатты сауатты бөлу тақырыбы бизнесмендер үшін ғана пайдалы емес. Бұл әркімге қажет дағды. Сондықтан да іс-шараға түрлі саладағы адамдар жиналды. Сарапшыға кеңес алу үшін 60-қа жуық қатысушы жүгінді.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖҮСІПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен әрдайым қаржыға қызығушылық танытқам, бұрын түрлі қаржы ұйымдарында, банктерде, брокерлік компанияларда жұмыс істегем. Қаржылық сауаттылықты да бұрын үйреттім, сондықтан да қазақстандықтардың проблемасын білемін. Яғни, әрбір екіншісі адам несие алған және бұл табыстың төмендігімен ғана емес, өз қаражатының сауатсыз бөлінуімен де байланысты. Адам жақсы табыс табады, бірақ несиелендіру де өте жоғары. Бүгінде өткізіліп жатқан осындай іс-шаралар өте маңызды. Жақсы табатын адамдар бар, бірақ ай сайын олар несиеге ақшаны қайдан табатынын білмейді, өз қаражатын дұрыс бөле алмайды.

РКС: Өз сөзінде сарапшы білім беруге қаражат жинақтау, қаржылық қауіпсіздік, қарыздан шығу тәсілдері және зейнетақыға дайындық туралы айтты. 

СНХ: ДМИТРИЙ КАЗАНЦЕВ, САЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ: Жалпы алғанда бизнесті, қарапайым жеке тұлғаларды, проблемаларды барлық жерде бірдей деп айтуға болады. Біз қаржы туралы білмейтін нәрсенің бәрін жеке тұлға ретінде бизнеске көшіреміз. Сондықтан бізде бизнес кассалық алшақтықтармен де, қандай да бір проблемалармен де кездеседі. Қарапайым халық сияқты несиені біреуін алу үшін, екіншісіне жабу үшін қарыз алумен бетпе-бет келеді. Шын мәнінде, бұл да сол кассалық алшақтық, ол тапқан ақшадан көп жұмсалады. Ерте ме, кеш пе осы шеңберді өзгертіп, осы қателіктерді жасамау үшін сауатты болу керек.

РКС: Мұндай оқыту семинарлары мен консультациялар өңірде тұрақты түрде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бизнесті қаржылай емес қолдау шараларының бірі. 

СНХ: САЙЫН МҰСАЕВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы бұл халықта өзінің қаржысы бойынша және жасалып жатқан өздерінің кәсіптерін несиелік сауаттылығы бойынша, соларды дамыту сол бағытта жұмыс істеуге арналған жалпы бұл кездесу Даму қорының қолдауы арқылы жасалып жатыр. Біз бұндай кездесулерді сарапшылармен, мамандармен жиі кездестіруге тырысамыз, өйткені бұл жалпы халыққа немесе кәсіпкерге Актуалды білім алуға, қаржылық сауаттылық алуға, несиелік сауаттылық алуға үлкен үлесін көмегін тигізеді. 

РКС: Семинар барысында сарапшы бизнесмендерге де, жеке қаржыға да сай келетін бірқатар кеңестер берді. Ол кіріс пен шығыстың толық есебі. Мақсаттар тізімі және оларға қаржылық қол жеткізу жоспары. Жұмысынан айырылған жағдайда қор құру қажеттігі. Бұл тұрақты қаржылық жағдайды қамтамасыз етудің негізгі қадамы. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, НАИР ЗАХОВАЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар