Негізгі Жаңалықтар Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды


ДИКТОР: Былтыр жылу беру маусымында аймақта 325 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 1 адам улы газдан көз жұмған. Өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында болған. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында аймақта өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. 

РКС: Мамандардың айтуынша, жылу беру маусымы басталысымен өрт және газбен улану фактілері арта түседі. Көбіне оған пәтер иелерінің қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауқымды профилактикалық жұмыстарға кірісті.

СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Айлық аясында облыс тұрғындарын 100 пайыз профилактикалық жұмыстармен қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жеке тұрғын үй секторындағы үйлерге улы газ бен түтінді анықтайтын арнайы датчиктер орнатылады. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, қажетті ақпарат беріледі

РКС: Әсіресе әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға басымдық беріліп отыр. Қазір облыс бойынша 9 мыңға жуық отбасы есепке алынған.

СНХ: РАЙХАН МУСЕТОВА, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әр үйді осылай аралап, қауіпсіздікке көңіл бөлгендері жақсы. Әсіресе қарт адамдарға қамқорлық көрсетілгені қуантады.

СНХ: НАТАЛЬЯ ГООГЕ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұған дейін арзан удленитель алып, электр есептегішіміз жанып кеткен еді. Қайта үйіміз өртенбеді. Мамандар келіп, есептегішті ауыстырып берді. Енді міне, үйімізге датчик орнатып жатыр. Ризамыз.

РКС: Айлық аясында облыста 200 мыңға жуық жекеменшік тұрғын үйді қамту жоспарланған. Өрт қауіпсіздігі айлығы 15-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар