Негізгі Жаңалықтар AQKOL SUMMER FEST – 2026

AQKOL SUMMER FEST – 2026


ДИКТОР: Ақкөлде жастар күніне арналған «AQKOL SUMMER FEST - 2026» жастар Open Air өтті. Мерекелік кеш қала тұрғындарын музыкамен, спортпен және ойын-сауықпен біріктірді. Іс-шара аясында оқуда, жұмыста, шығармашылықта және ауданның қоғамдық өмірінде өзін көрсеткен жастардың белсенді өкілдері марапатталды.

 РКС: Орталық стадионда халық көп жиналды. Қонақтарға арналған спорттық және интерактивті алаңдар, фото аймақтар мен фуд-корт әзірленді. Жастар демалып қана қоймай, көңілді әрі пайдалы уақыт өткізе алды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар жастарға қажет екенін айтады. 

БЛИЦ: 

- Такой концерт приносит молодёжи радость и счастье. Они все становятся сплочённее и дружнее.

- Дело в том, что у нас впервые такое масштабное мероприятие. Поэтому я думаю, для города это хорошо, потому что, опять же, это объединение города. 

- Хочется выразить огромную благодарность акиму района, акиму города за такой прекрасный праздник, который мы сегодня видим здесь, на нашем стадионе. Всех с праздником и всем хорошего настроения.

РКС: Концерттік бағдарлама кештің ең жарқын бөлігінің біріне айналды. Сахнада жергілікті орындаушылар мен отандық музыканттар өнер көрсетті. Музыка, би және көрермендердің қолдауы шын мәнінде жылы атмосфераға айналды. 

Интершум: 

СНХ: «ALZABI» МУЗЫКА ТОБЫ: Аккөл халқы ойдағыдай бізді қарсы алды. Бізге өте қатты ұнады. Шын жүректен бүгінгі концерт өте мықты энергетика болды. Шынымды айтсам. Рахмет. Күшті болды. 

РКС: Мереке аясында түрлі салада еңбек етіп жүрген 15 жас марапатталды. Олардың арасында педагогтар, студенттер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет, полиция және азаматтық қорғау саласының қызметкерлері бар.

СНХ: АРТЁМ МАРКИН, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Бүгін осындай марапат алатынымды күтпеген едім. Жұмыс істеп, халыққа көмектесуге тырысамыз. Біз браконьерлікпен күресеміз, қоғамдық тәртіпті қадағалаймыз. Қылмысты болдырмау, алдын алу шараларымен айналысамыз. 

РКС: Іс-шара би кеші, интерактивті және ұтыс ойындарымен жалғасын тапты. Мерекелік кеш Ақкөл жастарына жақсы көңіл-күй, жаңа әсер сыйлады. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар