Негізгі Жаңалықтар Агрокеңесте егін жинау науқанының барысы талқыланды

Агрокеңесте егін жинау науқанының барысы талқыланды


ДИКТОР: Ақмолалық аграршылар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптардың 20 пайызға жуығын жинап үлгерді. Қазірдің өзінде 1 миллион тоннаға жуық алтын дән қамбаға құйылды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді науқанды ұйымшылдықпен әрі сапалы өткізуге шақырды. Бурабай ауданындағы Ұрымқай ауылында өткен облыстық агрокеңеске 200-ден астам адам қатысты. Жиында жоғары өнім алу үшін заманауи озық агротехнологияларды қолданып жүрген шаруашылықтар өз жетістіктерін таныстырды. 

РКС: Биыл 5,6 миллион гектар алқапқа дән сіңірді. Бүгінде бұл аумақ цифрландырылған. 120-дан астам ауыл шаруашылығы заманауи техналогияларды пайдаланады. Бұған жарқын мысал «Журавлевка-1» және «Дихан Плюс» серіктестіктері. Бұл кәсіпорындар өндірістің барлық кезеңінде цифрлық технологияларды пайдаланады. Соның арқасында, егіс жұмыстарын бақылауға, шығындарды есепке алуға және өнімділікті болжауға мүмкіндік бар.

СНХ: АЙБАТ ЕСЕНТҰРОВ, «ДАНИЛОВСКОЕ И К» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Алғы қадамға қарағанда, жаман емес. Бұршағымыз 18 центнер берді, лён 16 центнер берді. Әрбір шаруашылық өз көлемінде әртүрлі егіннің нәтижесін айтып отырмыз. Жарты шаруашылық жағында құрғақшылық болған, жартысында орташа жаңбыр жауған, ол жақта дұрыс. Енді бидайға әлі кіріскен жоқпыз, бүгін кірісейік деп жатырмыз. Жай сапалы өнім алуға тиіспіз. Енді ол қалды. Бар жерде егіні жақсы болады. Сондықтан міне, сол бағытта жұмыс істеп отырмыз. Сапалы өнім алу үшін әрқашан да жермен жұмыс істеу керек. Соның арқасында жақсы өнім аламыз. Енді айтқанда, ауа райы да жақсы, ылғалдың жақсы, мол болуы тиіс. Сол кезде жақсы өнім болады.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІҚАЛЫКОВ, «BURABAY MILK» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекеттік қолдау жалпы толықтай жүріп жатыр. Бізде енді, өздеріңіз білесіздер, 1440 басқа арналған сүт-тауарлы ферма салып жатырмыз, одан 50 тонналық сүт зауытын салып жатырмыз. Осының барлығына үкіметтің көмегі, оның субсидиясы, қаржылай көмектері, екі проценттік техникалар оның бәрін қолданып жатырмыз. Ол болмаса, бұндай үлкен жобаларды жүзеге асыру, жақсы өнім алу ол оңай емес.

РКС: Биыл егін жинау науқанына 14 жарым мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылуда. Үкімет тарапынан 80 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Оның бір литрі 305 теңгеден босатылды. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға мемлекет тарапынан 316 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл қаражат субсидиялауға, жеңілдетілген несие беруге, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталып отыр. Мұндай мемлекеттік қолдау көптеген кәсіпкерлер үшін аса қажетті әрі айтарлықтай көмек. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов аграрийлердің әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығармауы керектігін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Былтыр кейбір жерде жаңбыр көп болды десе, биыл күн құнсыз болды деп. Ал бірақ та, мына осы қожалық, бүгінгі болып тұрған қожалық, былтыр өлімдері 31 центнерден болып еді, биыл да сол 30 центнерден жинап жатыр. Сондықтан біз осы бүкіл күш-қуатты бүгінгі жинасты күш-пейілі қылып әкелдік. Мынау бәрі көрсін, осындай жаңа әдістерді көрсін, үйренсін деп, осылай қалай тиімді, мақсатты, тиімді қаражатты жұмсасаң осындай өнім береді. Және айтып өтейік биылғы өнімнің сапасы өте жоғары. Ол дегеніміз өнімнің құны да жоғары болады. Сондықтан пайда болады, әрине. Бұл енді қожалықтар, оның арқасында енді қазір жұмыскерлер елде қалсын деп, өздерінде әлеуметтік жауапкершілігін осындай ұлғайтып отыр. Біраз ауылдарында мәдениет үйлерін, мектептерге көмек жасап.  

РКС:Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында «Журавлевка-1» серіктестігінің егіс алқаптарына барып, биылғы орақ науқанының барысымен танысты. Шаруашылықта ауыл шаруашылығы дақылдарының бірнеше түрі өсіріледі. Рапс, күнбағыс, зығыр секілді майлы дақылдармен қатар, бидай, арпа және сұлы сияқты дәнді-бұршақты дақылдар егіледі. Сонымен қатар, Ұрымкай ауылында ауыл шаруашылығы техникалары мен өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің көрмесі өтті. Айта кетейік, биыл облыста жиналған астықты қабылдап, сақтауға 67 астық қабылдау кәсіпорны мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 1,5 мың қоймасы жұмылдырылады. Оның жалпы сақтау қуаты 7,3 миллион тонна. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар