Балаңыздың мінез-құлқына назар аударыңыз
ДИКТОР: Бас прокуратураның кісі өліміне әкелген суицидтер бойынша ашық деректер қорындағы ресми статистикалық мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы Қазақстан бойынша 405 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, оның ішінде 199 бала қайтыс болған. Былтыр Ақмола облысында кәмелетке толмағандар арасында 4 аяқталған суицид және 8 өз өмірін қию әрекеті ресми тіркелген. Жыл басынан бері сиуцике әрекет етудің 5 фактісі, 7 жасөспірімнің өлімі тіркеліп отыр. Кәмелетке толмағандардың жасы 13-тен 16 жасқа дейін. Психолог мамандар ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңде мінез-құлқына ерекше назар аударуға шақырады.
РКС: Жасөспірімдердің өз –өзіне қол жұмсау фактілері алдымен отбасылық кикілжіңнен туындауы мүмкін. Яғни, ата-ананың балаға уақыт бөлмеуі, тым қатал тәрбие немесе жанжалдар. Екінші фактор ¬ құрдастар тарапынан жасалатын қысым: мектептегі буллинг, мазақ ету және әлеуметтік ортаға сыймау. Үшінші фактор, психологиялық өзгерістер: өтпелі жастағы эмоционалды тұрақсыздық, депрессия және мазасыздық.Сондай-ақ, интернеттегі қауіпті топтар мен суицидті насихаттайтын контенттерді көруі және соған еліктеуі де жасөспірімнің өз өмірін қиюына алып келуі мүмкін.
СНХ ЖАДЫРА ДІЛДЕБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Балалардың психологиялық жағдайын және басқа да балаларға қолдау көрсету мақсатында барлық білім беру мекемелерінде және кәсіптік –техникалық мекемелрде психологиядық қызмет жұмыс жасайды. Облыстық білім басқармасының жанында психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Облыста педагог-психологтардың саны артуда. Штат бірлігі былтырғы жылы 32,5 болса, биыл Оқу –ағарту министрлігінің берген стантарты бойынша педагог-психологтардың штат бірліктерін 52,5 көбейту көзделіп отыр.
РКС: Сарапшылардың айтуынша, қоғамда бұл мәселеге қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, көпшілік балаларға қол көтеру дұрыс емес екенін түсінеді. Бірақ екінші жағынан, кейбір ата-аналар «тәртіп үшін ұруға болады» деген пікірді әлі де қолдайды. Осындай қайшылықтың салдарынан балаға көрінбейтін, бірақ қатты әсер ететін психологиялық қысым қалыптасады.Мәселе тек ұрып-соғуда емес. Көп жағдайда зорлық-зомбылықтың жасырын түрлері кездеседі. Мысалы, баланы үнемі кемсіту, сынау, қорқыту, телефон, хат-хабарын бақылау, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік бермеу, тамақ немесе киім арқылы жазалау суицидке әкелуі мүмкін.Осындай жағдайлар баланың психологиясына ауыр соққы болып тиеді.
СНХ: СӘНИЯ БОСТАНОВА, МАҚПАЛ ШАҒЫН МЕКТЕБІНІҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ (БІРЖАН САЛ АУДАНЫ): Балалар да келеді, ата-аналар да келеді, педагогтар тарапынан да ұсыныстар келіп түседі. Әр жағдай әр түрлі болады, кейде жеке жұмыс жасаймыз, кейде топпен жұмыс жасаймыз. Егер топ арасындағы мәселе болса, онда топпен жеке жұмыс жасалады. Әр жағдай құпиялықты қажет етеді. Әр баламен құпия жұмыс жасалады. Сол себепті бала да, ата-ана да келіп, көмек сұраудан қорықпайды, себебі барлық нәрсе құпия сақталады.
СНХ: РИЗА ЖҮНІСОВА, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: ( ЕРЕЙМЕНТАУ): Бүгінгі таңда бізде жасөспірімдермен жұмыс жоғары деңгейде деп айта аламын. Бізде «өркен» бағдарламасы бар.мұнда дайын диагностикалар, дайын материалдар, құнды материалдар өте көп. Өткен жылы балалармен жұмыс істеуде де, жақындасуда да өте жоғары нәтиже көрсетті. Жоғары сыныптың балалары жеке бас мәселесімен келеді. Экзаменге қатысты, өз өзіне сенімді болуды, жеке сұрақтармен өте жақсы келеді. Отбасындағы жағдай түсініспеушілікпен келеді. Бұл жерде біз құпиялықты сақтаймыз, отбасымен қарым қатынасын түзету бойынша, бұл ұзақ мерзімдік уақыт алады.
РКС: Жасөспірімнің бойынан осындай бір өзгерістерді байқасаңыз, бірден баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз. Мінез-құлқындағы өзгерістерге бей-жай қарамай, уақытында психолог маманға жүгіну қажет.Эмоционалдық қолдау көрсету және тыңдай білуге ұмтылу керек. Егер балаңыз белгілі бір күйзеліске түскен болса, бірден балалардың құқығын қорғау бойынша колл-орталыққа 111 номеріне және балалар мен жастарға арналған 150 сенім телефонына хабарласыңыз.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.