Ауданда спорт күні кең көлемде аталып өтті
ДИКТОР: Бурабай ауданында Спорт күні кең көлемде аталып өтті. Щучинск қаласында тұрғындар баскетбол, аула футболы, тоғызқұмалақ, шахмат, йога және воркауттан бақ сынады. Ал ұлттық ойындарды ұлықтаған арқан тарту жарысына ауданның 8 командасы қатысты. Спорттық сайыстардың жалпы жүлде қоры - 2 миллион теңге. Күш пен бірлікті қатар талап ететін арқан тарту жарысы ерекше тартысты өтті. Дәстүрлі ойынға ауданның әр елді мекенінен келген 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. 18 жастан асқан қатысушылар туған ауылының намысын қорғап, бар күшін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛЕТ ТӨЛЕГЕНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Біздің команда, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бурабай өрт сөндірушілері болып қатыстық. Және біз өзіміз 1-ші орынды алдық. Спорт күнімен барлық қазақстандықтарды құттықтаймын. Спортты күндерде алда кездесуге жазсын!