Негізгі Жаңалықтар Прокуратура дәрігердің баспанаға қатысты құқығын қорғады

Прокуратура дәрігердің баспанаға қатысты құқығын қорғады


ДИКТОР: Степногорск қаласында прокурорлар медицина қызметкерінің тұрғын үйге қатысты құқығын қорғады. Дәрігер 2013 жылы жас маман ретінде өндірістік шаһардан баспанаға ие болған. Ол заңға сәйкес 10 жыл дәрігерлік қызметін мінсіз атқарған. Бірақ, пәтерді жекешелендіруге келгенде кедергіге тап болыпты. Степногорск қалалық емханасының жекеменшік компанияның сенімді басқаруына берілуі мұндай шешімге себеп болған. Ақ халаттының прокуратураға шағымдануынан кейін қадағалаушы орган істің мән-жайын анықтауға кірісті.  

СНХ: АЛУА ЖАНЫСБЕКОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Ақмола облыстық және Степногорск қалалық прокуратураларының бірлескен іс-қимылының арқасында медицина қызметкерінің тұрғын үйге қатысты құқығы қорғалды. Облыс прокуроры орынбасаранының жеке қабылдауына кіргеннен кейін азаматшаның арыз-шағымына тиісті құқықтық баға берілді. Одан әрі Степногорск қалалық прокуратурасы тексеріс жүргізді. Оған сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім-шартының қорытындысы медицина қызметкерінің баспана құқығын шектемейтіні анықталды. Дәрігер бекітілген талаптарға сай келеді және басқа баспанасы жоқ. Заңсыз кедергілер жойылып, қазір тұрып жатқан қызметтік пәтерді жекешелендіруне құқылы екені есепке алынды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар