Негізгі Жаңалықтар Құрылтай: ортақ құндылықтар мен жаңа бағдар

Құрылтай: ортақ құндылықтар мен жаңа бағдар


ДИКТОР: Көкшетауда «Құрылтай: Ортақ құндылықтар мен жаңа бағдар» тақырыбында Ақсақалдар кеңесінің тағылымды отырысы өтті. 

РКС: Кездесу барысында «Құрылтай-елдің басқару жүйесіндегі жаңа кезең» және «Құрылтай-ұлт болашағының кепілі» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасалып, Құрылтайдың ел болашағын айқындаудағы маңызы жан-жақты сараланды. Сонымен қатар, баяндамашылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелерге тоқталып, қоғам өміріндегі оң өзгерістер мен оң үдерістерді тілге тиек етті. 

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Еліміздің алдында үлкен-үлкен мақсаттар тұр. Еліміздің экономикасын өркендету, одан қалды мына адами капиталл дейміз, денсаулық саласын әрі қарай жетілдіру көзделіп отыр. Одан қалды мына білім саласына. Біздің облысымызда үлкен инвестициялық жобалар іске асып жатыр. Ерейментау ауданында мал шаруашылығын дамыту кластері ашылып жатыр. 

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Елімізде үлкен науқан болады. Бірлік керек бізге. Үміт үлкен. Қандай партия өтсін, қанша өтсін олар да сол ойлап жатқаны сол ғой, елдің мүтдесін ойлап жатыр. Бәріне сәттілік тілеймін. 

РКС: Өңірде Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары аяқталды. Көкшетау қаласы бойынша 80 сайлау учаскесі жұмысын істейді. Олардың құрамына 360-тан астам сайлау комиссиясының мүшесі бекітілді. Солардың қатарында облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Болат Зәкенов те бар. Ол №42 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы. 

СНХ: БОЛАТ ЗАКЕНОВ, №42 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Дауыс беретін кабиналар, мүгедектерге ерекше жеке орын жасалды. Компьютер, бройлер шрифтпен жабдықталған. Біздің учаскеде 2670 адам дауыс береді. Соның ішінде 14 адам бірінші рет дауыс береді. 9 адам бізде комиссия мүшелері. Бүгін міне территориялдық сайлау учаскесінен бюллетеньдерді алдық. Тізім бойынша дайындап қойдық. 

РКС: Көкшетауда 140 мыңнан астам сайлаушының 800-ден астамы мүгедек жандар. Олардың да өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауы үшін сайлау учаскелерінде қажетті жағдайлар қарастырылған. Бұл сайлау науқанының басты қағидаларының бірі. Әр азаматтың дауысы маңызды әрі әрбір таңдау ел болашағына оң ықпал етері сөзсіз. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар