Негізгі Жаңалықтар Логопед мамандарға сұраныс артты

Логопед мамандарға сұраныс артты


ДИКТОР: Бүгінде бала тілінің кеш шығу үрдісі белең алды. Тек Ақмола облысында осындай 5 жарым мыңға жуық бала бар екен. Осыған байланысты логопед мамандарға сұраныс артты. Білім басқармасы мәселені балабақшаларда логопедиялық топтар ашу арқылы шешіп отыр. Көкшетауда осындай арнайы топтарға 73 бала кезекте тұр. Тілші айтсын.  

РКС: Диана Райымбекова екі баланың анасы. Үлкен қызының тілі бір жастан асқанда шыққан. Сондықтан екі жасар ұлының сөйлемейтініне алаңдайды. Неврологқа көрсетіп, баласын дәрігердің кеңесі бойынша дамытуға бел буған. 

СНХ: ДИАНА РАЙЫМБЕКОВА, АТА-АНА: Ұлым екіден асты, бірақ әлі күнге дейін сөйлемейді. Сөйлемеудің қандай себептері бар деп күнде-күнде сұрақ қойып, әр түрлі интернеттен видеолар қарап, специалистерге жүгінуге бел будым. Көбінесе үлкен кісілер айтып жүреді. Ой, ол 5- 6 жасында сөйлеген деп. Ол дұрыс емес деп есептеймін. 

РКС: Мамандар бала тілінің кеш шығуын заманауи өмір салтымен, яғни технологияның дамуымен және медициналық факторлармен байланыстырады. 

СНХ: БАЛДЫРҒАН АУЛАБАЕВА, ЛОГОПЕД: Балалар көбіне гаджеттермен, телефондармен, үндемей отырып, экрандағы суретті, мультфильмді қарап, қадағалап,әр функцияны жаттап алады. Ата-ана ойлайды балам дамып жатыр деп. Бала адамдардың сөйлегенін құлағымен естуі керек.

РКС: Мамандар баламен көп сөйлесіп, саусақ моторикасын дамытуға кеңес береді. Ал үш жасқа толған бала толыққанды сөйлемесе, психологиялық-медициналық педагогикалық комиссияның алдынан өті тиіс.

СНХ: АНАРГҮЛ БАЙМҰРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӘДІСКЕРІ: Ақмола облысы бойынша сөйлеу тілінің бұзылуы бойынша 5440 бала тіркелген. Логопедиялық топтарға Көкшетау қаласы бойынша 73 бала кезекте тұр. Оның ішінде бізде көбінесе 3 пен 5 жастағы балалар. Оның жалпы дамуының 1,2,3 деңгейдегі балаларды қарастырамыз. Кезекке қоямыз. 

РКС: Бүгінде Көкшетаудағы 51 балабақшаның тек 9-ында ғана логопедиялық топ бар. Барлығы 15 топ. Оның үстіне бала тілінің толық шықпауы 6-7 жасқа дейін де жалғасып жатыр. Яғни, мектептерде де логопед мамандар қажет.

СНХ: КЕНЖЕГҮЛ ЖҰБАЙ, АТА-АНА: Менің екі балам, біріншісі екінші сыныпқа барады. Екіншісі даярлық тобына барады. Бәкей Нұрмұхамед пен Бәкей Нұрайымды алып келіп отырмын. Бәкей Нұрмұхаммедте бізде жазуда, дыбыстарды айтуында кемшіліктер бар. Осы ПМПК-ға өтініш беріп келіп отырмын.

РКС: Бүгінде балалардың сөйлеп кетуін балабақша мен мектептерде арнайы топтар мен сыныптар ашу арқылы шешу мықтап қолға алынды. Облыстағы 593 балабақшада бүгінде 52 арнайы топ ашылған, оның ішінде логопедиялық топтар да бар. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар