Негізгі Жаңалықтар Ерекше қажеттілігі бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалған

Ерекше қажеттілігі бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалған


ДИКТОР: Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. Ақмола облысында 518 548 азамат дауыс беруге құқылы. Әр азаматтың дауыс беру құқығын тең жүзеге асыруға басымдық беріледі. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға мән берілген. Өңірде дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар 2915 тұрғын тіркелген. Құрылтай сайлауы күні оларды тасымалдау үшін 149 арнайы автомобиль мен 22 инватакси қызметі әзір тұр. 

РКС: Бұл - шаһардағы №40 сайлау учаскесі. Мұнда 2718 сайлаушы тіркелген. Олардың 27-сі биыл алғаш рет дауыс бермек. Ал 21 жастағы Әмір Мұратбеков үшін сайлауға қатысу - қалыпты азаматтық ұстаным. Көру қабілетінен айырылғанына қарамастан, ол қоғамдық-саяси өмірден шет қалған емес. Паралимпиада ойындарының финалисі, жүзуден спорт шебері қазір Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр.

ИНТЕРШУМ: Амирдің Брайль трафаретімен бюллетеньді оқып отырған сәті

СНХ: АМИР МҰРАТБЕКОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: пайдаланып, сайлауға қатысамын. Учаскеде барлық жағдай жасалған. Брайль қарпіне арналған трафарет маған өте ұнады. Барлығы түсінікті көрсетілген, қажетті белгілер мен бағыттар бар. Ең бастысы – өз таңдауымды ешкімнің көмегінсіз жасауға мүмкіндік береді. Әр азамат сайлауға келіп, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Себебі елдің болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.

РКС: Учаскеде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыш та жабдықталған. Мұнда сайлау туралы бейімделген ақпараттар, компьютер және қажетті құралдар бар. 

СНХ: ДАНА ҚОЖАХМЕТОВА, №40 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көру қабілеті бұзылған азаматтар ақпаратты құлаққап арқылы тыңдай алады. Есту қабілеті төмен азаматтарға сурдоаудармасы бар бейнематериалдар ұсынылған. Сонымен қатар үлкейткіш әйнек пен Брайль қарпіндегі трафарет бар. Мұның барлығы ақпаратты әр санаттағы сайлаушыға қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

РКС: Мұндай жағдай облыстағы барлық сайлау учаскесінде ескерілген. Әрқайсысының дайындығы арнайы мониторингтік топтың бақылауынан өтті. 

СНХ: РАМАЗАН МҰҚАТАЕВ, МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көкшетаудағы 65 сайлау учаскесінің барлығын тексердік. Ұсыныстар беріліп, анықталған ескертулердің барлығы жойылды. Қазір 65 учаскенің бәрі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдауға дайын.Сондықтан учаскелердің пандустармен, көтергіш құрылғылармен жабдықталуына ерекше мән бердік. 

РКС: Жалпы өңірде дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар 2915-тен астам тұрғын тіркелген. Құрылтай сайлауы күні оларды тасымалдау үшін 149 арнайы автомобиль мен 22 инватакси қызметі әзір тұр. 

СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сонымен қатар 76 сайлау учаскесінде сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді. Бұл жұмысқа 31 маман тартылады. Бұдан бөлек, волонтерлер мен әлеуметтік қызметкерлер де қажетті көмек көрсетеді. Яғни сайлауға дайындық барысында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға басымдық беріледі.

СНХ: ӘСИЯ НАУРЫЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Жалпы сайлауға дайындық аясында үлкен жұмыс атқарылды. Өңір бойынша аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, оның ішінде басшылық құрамға да оқыту семинарлары өткізілді. Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығы дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Ертең бюллетеньдер учаскелерге жеткізіледі. Облыста саяси партиялардың 848 сенімді өкілі тіркелген. 21 колл-орталық жұмыс істейді. 

РКС: Жалпы, облыс бойынша 759 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Дауыс беру процесін 4520 комиссия мүшесі қамтамасыз етеді.  

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар