Негізгі Жаңалықтар Қаражар мен Қараөткел ауылдары табиғи газға қосылды

Қаражар мен Қараөткел ауылдары табиғи газға қосылды


ДИКТОР: Қаражар мен Қараөткел ауылдарының тұрғындары бүгін орталықтандырылған табиғи газға қосылды. Целиноград ауданында қос елдімекенді газбен қамту ісі бір мезетте аяқталды. Сонымен аудан бойынша ауылға көгілдір отын толығымен жетті. Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов газ құбырының ашылу салтанатына қатысуып, ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.  

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қаражар ауылының тұрғындары бұл күнді ұзақ күтті. Аталған елдімекен Целиноград ауданы бойынша орталықтандырылған табиғи газға қосылған жетінші елдімекен. Мұнда 53,4 шақырым газ желісі тартылды. 5 мыңнан астамт ұрғын табиғи газға қол жеткізді. Қараөткел көгілдір отынмен толық қамтылған сегізінші ауыл. Алғашқы екі іске қосу кешені өткен жылдың желтоқсанында мерзімінен бұрын аяқталған еді. Енді тағы үшеуінің құрылысы аяқталды. 

СНХ: АЛМА БӨКІШЕВА, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қаражар газ келіп, қуанып жатырмыз. Бұл енді көптен күткен қуанышымыз. Рахмет аудан басшыларына, облыс әкіміне, өзіміздің әкімімізге. Жас болса да, бас болып, ауылымызға газ келіп жатыр. Қаражарымыз өсе берсін, өркендей берсін. Қаражарымыз дамып жатыр. Енді суымыз бар, светіміз бар, газымыз бар, одан кейін жолымыз бар. Одан әрі дами берсін. Міне, кейінгі мәселелер де бар. Енді бәрін жақсылыққа балаймыз, жақсылық бола берсін. 

РКС: Қаражар мен Қараөткел ауылдарына 238 шақырым газ желісі тартылды. Қос жобаның жалпы құны 5,4 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстарын «Әлия-Сервис» пен «Сырэнергогазстрой» мердігер компаниялары атқарды. Ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмысы одан әрі де жалғасады,-деп атап өтті аймақ басшысы. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл енді Қаражар — Целиноград ауданының толығымен газдандырылған жетінші елді мекені. Бұл енді жоба, өздеріңіз білесіздер, сіздерге газ 2028 жылы жоспар бойынша… Бірақ та осындай бір тізбекті серіктестіктің арқасында, Президенттің тапсырмасын орындау аясында біз осындай шешім қабылдадық. Жаңадан осы жобаны қарап, мүмкіндіктер іздеп, мүмкіндікті тауып, осы бір жарым жыл, 2028 жылды күтпей, сіздерді тоспай, биыл міне бүгін газ берейін деп жатырмыз. Жалпы енді маған берілген мәлімет бойынша, осы жеті мыңдай тұрғын тұрады ауылда. Оларға қазір табиғи газ қолжетімді болады. Бұған дейін өздеріңіз білесіздер, осы Целиноград ауданы, Аққайың, Шұбар, Қоянды, Талапкер және Нұрлы ауылдарында табиғи газ желісі іске қосылды. 

РКС: Нұрқановтар отбасы Қаражарда алғашқылардың бірі болып газ құрылғысын орнатып, үйіне көгілдір отынды кіргізіп алды. Жылу беру маусымы жақындаған тұста бұл біз үшін үлкен қолдау болды,-дейді отанасы.  

СНХ: ЖАННАТ ЕРМҰХАНОВА, ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Менің Қаражар ауылына табиғи газ келді. Барлығымызға жағдай жасап, орналастырып беріп жатқан азаматтарға рахмет. Міне, әкімдерге мың алғыс, көп жасасын, еңбектері жана берсін. Еліміз тыныш, көктеуіміз көркейе берсін. Әр жанұяда той болсын, жылылық берсін табиғи газ. Қазан-ошағымыз тек қана шаттыққа жайылсын. Енді көмір алмаймыз, ағаш алмаймыз, барлығы табиғи газды қолданамыз. Біз пеш жағатынбыз, пеш жағатынбыз. Тек пешті отынмен жағасыз енді. Қазір енді табиғи газ келгенде, екі аяғымыз бар, екі қолымыз бар бәрі босайды енді. Тек қана күн көре береміз болды. Жақсы болсын.

РКС: Айта кету керек, әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындарға көгілдір отынды пайдаланған кезде мемлекеттік қолдау ретінде 20 процентке дейін жеңілдік қарастырылған. Аз қамтылған отбасыларға үйлеріне газды кіргізу үшін 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік көмек бар. Табиғи газға көшу тұрғындардың жайлы өмір сүруін арттырумен қатар, экологиялық жағдайды да біршама жақсартпақ. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар