Қазақстанның ірі сауда желілерінің сөрелеріндегі тауарлардың 81% отандық өнім
ДИКТОР: Сатып алушылар арасында отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Бүгінде ең көп сатылатын 20 тауардың 14-ін қазақстандық өнімдер құрайды. Сауда желілері одағының мәліметінше, отандық көкөністер мен жемістерге, сүт өнімдеріне, алкогольсіз сусындар мен бакалея тауарларына сұраныс жоғары. Бұл үрдістің себептері мен қазақстандық өнімдерге деген сұраныстың артуы туралы келесі материалдан көрейік.
ГРАФИКА:
Отандық тауарлардың жалпы үлесі – 81%
Айран – 93%
Сүт өнімдері – 87%
Май өнімдері – 75%
ГРАФИКА МӘТІНІ: Сауда желілерінің сөрелеріндегі отандық тауарлардың үлесі 81 процентке жетеді. Сатылым көлемі бойынша қазақстандық өнімдер арасында көш бастап тұрғандары да бар. Мәселен, сүт өнімдерінің ішінде отандық айранның үлесі 93 пайызды, ал сүт және одан өндірілетін өнімдердің үлесі 87 пайызды құрайды. Бакалея өнімдері де нарықтағы тұрақты позициясын сақтап отыр. Супермаркет сөрелеріндегі қазақстандық өсімдік майының үлесі – 75 процентке жеткен.
РКС: Жоғары көрсеткіштер өңірлерде де айқын көрініс табуда. Ақмола облысында азық-түлік нарығын жергілікті кәсіпорындар қамтамасыз етіп, сауда желілеріне өнімнің тұрақты жеткізілуіне үлес қосып келеді. Солардың бірі – «Гормолзавод» кәсіпорны. Өндіріс ошағы өңір тұрғындары мен елорда халқын 60 жылдан бері табиғи әрі сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.
СНХ: ӘЛІБЕК МУРЕЕВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің тұтынушыларымыз өнімдеріміздің табиғи әрі пайдалы екенін біледі. Сондықтан бізді таңдайды. Бұл үрдісті біз де сезініп отырмыз. Қазір сауда сөрелерінде отандық өнімдерге басымдық беріліп жатқанын көріп отырмыз. Дұрыс таңдау жасап, өнімдерімізді таңдайтын тұтынушыларымызға алғыс білдіреміз. Біздің дистрибьюторлар желіміз бар. Астанада өнімдерімізді өзіміз де сатамыз, дистрибьюторлар арқылы да жеткіземіз. Бұдан бөлек, еліміздің басқа да қалаларына да тасымалдаймыз.
РКС: Қала тұрғындары отандық өнімнің сапасына сенім білдіреді. Азық-түлік болсын, тоқыма бұйымдары болсын, қазақстандық тауарлардың өз тұтынушысы бар. Бәсекелестік жоғары нарықтардың өзінде қазақстандық өнім өз сатып алушысын тауып, нарықтағы орнын сенімді түрде нығайтып келеді.
СНХ: Ну берём, допустим, товары в основном казахстанские. Берём, допустим, овощи, фрукты. Стараемся брать здесь наши. Хлеб здесь выпечка наша хорошая тоже. Хлеб в основном да, здесь берём. Так что очень хорошие товары здесь всё равно наши, лучшие. И молочка в основном у нас тоже наша.
СНХ: Где живёшь, там и нужно брать
СНХ: Да, мы берём продукцию всю казахстанскую, очень качественная, хорошая продукция. Покупаем всё: молочное берём, мясо всё берём наше, всё берём.
СНХ: Ну потому что как бы отечественный бренд, отечественное производство, нужно поддержать своих отечественных производителей. И как бы проверено уже, доверия больше. Масло, макароны, мука. Продукты первой необходимости, мясо то же самое, мясные продукты.
РКС: Ақмола облысында 16 ет және 15 сүт өңдеу зауыты, сондай-ақ 28 ұн өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Ұн, жұмыртқа және құс еті секілді негізгі өнімдер бойынша облыс ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді. Алайда өңірдің басты әлеуеті шикізат көлемін арттыруда ғана емес, оны терең өңдеп, өнім түрлерін кеңейтуде деп бағаланады.
СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Алдағы кезеңдегі басты міндет – жергілікті өнім көлемін жай ғана арттыру емес, отандық өндірушілердің сауда сөрелеріне тұрақты әрі кедергісіз шығуына мүмкіндік жасау. Бұл бағыттағы жұмысты бірнеше кезең бойынша жалғастырамыз. Атап айтқанда, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы тікелей байланысты нығайтып, тауар жеткізу тізбегіндегі артық делдалдарды қысқартуға және тікелей келісімшарттар жасасуға ықпал етеміз. Сонымен қатар, отандық өндірушілерді қолдау тұтынушыға қосымша салмақ түсірмеуі тиіс. Қазақстандық өнім бағасы, сапасы мен ассортименті жағынан бәсекеге қабілетті болуы қажет.
РКС: Айта кетейік, алдағы бір айда сұранысқа ие тауарларды қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» арнайы бағдарламасы іске қосылады. Бұдан бөлек, сауда орындары енді азық-түлік тауарлары сөрелерінің кемінде жартысын, ал басқа да тауарлар сөрелерінің кемінде үштен бірін қазақстандық өнімдерге арнауға міндетті.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ