Маусымдық және уақытша жұмыстарда адам құқығы қаншалықты қорғалады?
ДИКТОР: Ақмола облысында жыл сайын маусымдық жұмыстарға,соның ішінде субсидияланатын қоғамдық жұмыстарға, уақытша бос орындар және ауыл шаруашылығындағы маусымдық науқандарға орта есеппен 7 мыңнан 10 мың адамға дейін тартылады. Жалпы өңірде Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жыл сайын ашылатын 20-30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының шамамен 20-30 проценті маусымдық және уақытша сипатқа ие. Маусымдық және уақытша жұмыс орындарындағы адамдардың еңбек құқығы жайлы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды.
РКС: Ақмола облысы – елдің басты астықты өңірлерінің бірі. Көктемгі егіс және күзгі өнім жинау науқандары кезінде мыңдаған механизаторлар, комбайншылар мен қосалқы жұмысшылар маусымдық келісімшартпен қызметке алынады. Бурабай және Зеренді шипажайлық аймақтарында жазғы және қысқы демалыс маусымында қонақүй, мейрамхана және ойын-сауық салаларына қосымша қызметкерлер тартылады. Күн жылынған кезден сәуір-мамыр айларынан бастап күзге дейін инфрақұрылымдық жобалар мен жол құрылысына уақытша жұмыс күші жұмылдырылады. Уақытша болсын, маусымдық жұмыстарға алынған болсаңыз да сізбен жұмыс беруші арасында міндетті түрде келісім-шарт жасалуы тиіс.
СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы маусымдық жұмыстарға еңбек шартын жасау қажет пе деген сұрақ туады. Жауап, әрине қажет. Және ол еңбек шартын бірыңғай жүйеге тіркеу міндетті. Ол еңбек шартында ол қандай жұмысты атқарады, қай маусымда атқарады, жұмысқа қабылдағанда кей жұмыс берушілер бір маусымға сәйкестігін бір айдың ішінде тексереміз дейді не болмаса үш ай ал маусымдық жұмыстарда жұмысшыларды қабылдаған кезде ондай шарт жоқ, сәйкестігін қарамайды.
РКС: Ақмола облысының жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын мыңдаған азаматты субсидияланатын уақытша жұмыс түрлерімен қамтиды. Тек осы бағыт бойынша 2 мыңнан астам жұмыссыз азамат елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға жіберіледі. Түлектер мен жастар үшін бірнеше айдан бір жылға дейінгі мерзімге созылатын уақытша тәжірибе жинақтау орындары ұйымдастырылады. Осы ретте әр азамат өз құқығын біліп, Еңбек кодексінің баптарымен танысып шыққаны жөн делінді брифинг барысында.
СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бірінші ол, еңбек шартын жасасу, тіркеу, келісу, қол қою, еңбек шартында белгіленген талаптары бар, қай жерде жұмыс атқарады, қай жерде, қай уақытта, жұмыстың басталу, аяқталу уақыты, түскі ас мезгілі, жалақысы қанша болады, қандай қауіпсіздігі бар. Құқықтары бар дегендей, сол бойынша толық еңбек шарты жасалады, еңбек шарты бірыңғай жүйеде тіркеледі, жұмыс беруші сенің тұрысың сөзің ұнамады деп еңбек шартын бұза алмайды, ол тек Еңбек кодексінің баптарына сәйкес болады.
РКС: Жасөспірімдерге заң бойынша аптасына 24, тәулігіне 4 сағат қана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал кәмелет жасына толғандарға аптасына 36, тәулігіне 6 сағат жұмыс істеуге болады. 18 жастан жоғарыдағыларға тәулігіне 8 сағат жұмыс істеуге рұқсат етілген. Егер жұмыс уақытынан қосымша, демалыс және мереке күндері жұмыс істегендерге жұмыс беруші 1,5 есе төлем жасауға міндетті.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ