Негізгі Жаңалықтар Сайлаудың қорытынды кезеңі

Сайлаудың қорытынды кезеңі


ДИКТОР: Саяси науқанның шешуші сәті де келіп жетті. Таң сәріден жұмыс істеген сайлау учаскелерінде күні бойы қарбалас арылмады. Азаматтар өз таңдауын жасап, ел ертеңіне деген үмітін бюллетень арқылы білдірді. Енді сайлау комиссиялары үшін жауапты кезең басталды. Осы сәттегі жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын тілшіміз Ризагүл Шәменова №18 сайлау учаскесінің жабылу рәсімінің барысымен танысып қайтты.

STАND-UР: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Қазір №18 сайлау учаскесінде сағат 8-де дауыс беру аяқталды. Алдын ала мәліметке жүгінсек ... сайлаушының ... проценті өз таңдауын жасап үлгерді. Дәл қазір комиссия мүшелері дауыс санауға кірісіп жатыр. Жалпы бүгін сайлау бұл учаскіде қалай өтті? қазір менің қасымда №18 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Сайран Азнабайқызы Шөкімова тұр. Жалпы бүгінгі тарихи сәт туралы не айтасыз? Халықтың көңіл-күйі, белсенділігі қалай болды?   

СНХ: САЙРАН ШӨКІМОВА, №18 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Дауыс берушілер өз белсенділіктерін танытты. Тіпті 97 жастағы қарт әжеміз келіп дауыс берді. Қазір есеп жүргізіліп жатыр. Жобамен айтатын болсақ жалпы 2064 сайлаушы тіркелген. 65-70 пайыз дауыс берді деген үміт бар. 6 сайлаушы үйден дауыс берді. Және 14 алғаш дауыс беруші тіркелді. 7Сонымен қатар осы 7 бақылаушы, 3 шет етелден келген өкілдері болды. Барлық процесті көрді. Қариялар келіп дауыс бергенге таңқалып жатыр. сайлау әділ өтуіне бар жағдай жасалды.

РКС: Әр сайлау учаскесіне бір-бірден байқаушы бекітілді. Құрылтай сайлауы олар білімдерін жетілдіріп, қосымша дайындықтан өтті. Саяси науқанға қатысты өз пікірін білдірді. 

СНХ: АРАЙЛЫМ ҚАСЫМЖАНОВА, «AQMOLA OUTLOOK» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАЙҚАУШЫСЫ: Осы уақытқа дейін заң бұзушылық байқалған жоқ. Сайлауға кедергі келтірілген жоқ. 

РКС: Құрылтай депутаттарын сайлау, ел дамуы мен болашағына жаңа серпін беретін азаматтарға жол ашатын маңызды қадам. Сайлау нәтижесі қалай болғанда да, халықтың таңдауы, елдің ертеңіне деген сенімінің көрінісі. Ең бастысы ел бірлігі мен тұрақтылығы сақталып, болашаққа бастар бағыт айқын болатынына халықтың сенімі мол. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар