Негізгі Жаңалықтар Қосшы қаласында да саяси науқан өз деңгейінде өтті

Қосшы қаласында да саяси науқан өз деңгейінде өтті


ДИКТОР: Қосшы қаласында 1 аумақтық және 12 учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын тәмамдады. Қала бойынша 26 мың 306 сайлаушы тіркелген. Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын қосшылықтар учаскелік сайлау комиссиясы жабылғанға дейін, өз аумақтарына келіп, таңдауларын жасады.    

СНХ: ЕСБОЛАТ ЕЛУБАЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бүгін Қосшы қаласында ҚР Құрылтай депутаттарын сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, штаттық режимде өтті. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-де қаладаға 12 сайлау учаскесінде басталып, кешкі 20.00де заңға сәйкес аяқталды. Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл күй қалыптасып, концерттік бағдарламалар мен көшпелі сауда ұймдастырылды. Дәстүр бойынша алғаш рет дауыс берген жастарға қарт тұрғындарға және ең ерте келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар берілді. Сайлау процесін халықаралық сайлаушылар саяси партиялардың қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылап отыр. Бүгінгі сайлауда Қосшы қаласы тұрғындарының 75,25 пайызы өз азаматтық таңдауын жасады. Оның ішінде 18 жасқа толған бірінші рет дауыс беруге келген 195 жас бар. Бұл ел жастарының ел болашағына деген жауапкершілігі белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Айта кетеін маңыздысы дауыс беру барысында заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Бақылаушылар тарапынан да шағым болған жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жғдай жасалды. Барша Қосшы қаласы тұрғындарына белсенді позиция білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар