Негізгі Жаңалықтар 100 жастағы Евдокия Беккер дауыс берді

100 жастағы Евдокия Беккер дауыс берді


ДИКТОР: Көкшетаулық жүз жастағы қария Евдокия Бекккер Құрылтай сайлауында дауыс берді. Тыл еңбеккері мұндай саяси додалардан тыс қалып көрген жоқ және оны азаматтық жауапкершілігім деп санайды. Бүгін ол қызымен бірге үйінде өзі тіркелген №47 учаске арқылы дауыс берді.  

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Евдокия Беккер Қазақстанға Ресейдің Архангельск облысынан көшіп келген. Есепші мамандығын алып, қазіргі Айыртау ауданына қарасты Ақан кеңшарында еңбек еткен. Ертең кейуана жүз жасқа толады. Ғасыр құрдасының үш баласы, алты немересі мен 12 шөбересі бар. Жасына қарамай сайлауда өз таңдауын жасаған кейуана бұл менің азаматтық борышым дейді.  

СНХ: ЕВДОКИЯ БЕККЕР, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ: Мен өте еңбекқор жанмын, қайда жұмыс істесем де абыройлы болдым. Кеңшарда 24 жыл еңбек еттім, құрмет тақтасына іліндім. Сайлауға үнемі қатысамын. Театрға, киноға бұрынғыдай бара алмаймын, теледидар көремін, жаңалықтарды тыңдаймын. Көңіл күйім өте жақсы. Ертең менің мерейтойым, жүзге толамын. 

РКС: Сайлау учаскелеріне келіп түсетін өтініштердің қатарында үйінде дауыс беруге ниет еткендер бар. Олар көбінесе қарт адамдар және мүмкіндігі шектеулі жандар.

СНХ: АЗАМАТ ЖҮСІПОВ, №47 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үйден өтініш білдірген 11 адам бар. Біз ол кісілерге өзіміз барамыз. Комиссиямен бақылаушылар бірге барады. Олар да бәрі заңды болғанын қалайды. Бүгін ғасыр құрдасы әжейден өтініш түсті, біз ол кісіні әрі құттықтап, әрі бюллетенін ала келіп, дауыс беруіне мүмкіндік жасадық.

РКС: Михаил мен Светлана Оладько отбасы да бүгін өз таңдауын жасады. № 10 сайлау учаскесінің мүшелері Брайль шрифті қолданылатын трафарет пен үлкейткіш лупаны алдын ала дайындап қойды. Ерлі-зайыптылар солардың көмегімен сайлауда дауыс берді. 

СНХ: МИХАИЛ ОЛАДЬКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізге келіп көмектесіп жатқандарға алғыс айтамыз. Бізге жұбайыммен көзіміз нашар көретіндіктен, жүру қиын, сіздер ондай мүмкіндікті беріп отырсыздар. Сайлауға үнемі қатысамыз. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де маңызды\\

СНХ: АСЫЛАН БАЯЛЫ, № 10 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне өзіміз барамыз. Көздері нашар көретін, тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған жандар, сондықтан біз олардың дауыс беруіне көмектесеміз.  

РКС: Үйде дауыс беру сайлау процесінің маңызды бөлігі. Мұндай тәжірибе әр сайлауда жүзеге асрыылады және әр азаматтың өз құқығын дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар