Құрылтай сайлауы – ел өзгерісіне қадам
ДИКТОР: Көкшетауда сайлау учаскелері таңғы жетіде ашылған сәттен бастап өз таңдауын жасауға асыққан азаматтардың қарасы қалың болды. Жайлау шағын ауданындағы №21 мектепте орналасқан №12 және №725 учаскелерде 4287 сайлаушы тіркелген. Аталған учаскелерде алғашқылардың бірі болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар табыс етілді.
РКС: №12 сайлау учаскесінде 2232 адам тіркелген. 3 адам үйінде дауыс беруге өтініш білдіріпті.
СНХ МАҚПУЗА НҰРҒАЛИЕВА, №12 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгінгі Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауы еліміз үшін маңызды ел игілігі үшін жұмыс істейді деп ойлаймын. Бүгінгі сайлауға халықтың келуі жақсы. Бізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы кабина жасалған. Арбада отырған адамдар емін еркін жүріп, кіріп, дауысын бере алады.
СНХ ҒАЛИЯ ӘМРИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жақсылықтан үміт күтеміз. Еліміз көркейіп,дами берсін. Жастарға жұмыс болсын. Бар жақсылығын тілеймін.
РКС: Диас Құспаев кәмелет жасына толғаннан бері осымен екінші рет дауыс беруге келіп тұр. Қазақстанның болашағы осы Құрылтай сайлауынан кейін жаңа баспалдаққа қадам басады деп сенеді.
СНХ: ДИАС ҚҰСПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Дауыс бердім, жаңа Қазақстан деп, жаңа партия деп, дауыс беріп жатырмын, сұрақ: осындай сайлаудан кейін елімізде қандай өзгерістер болады деп ойлайсың,жауап: даму керек, сену керек, дауыс беріп, бәрі шынайы болу керек.
РКС: Ала таңнан № 725 сайлау учаскесіне келіп, өзінің таңдауын жасауға асыққандар көп. Олардың қатарында осындай саяси додалардан қалыс қалмайтын белсенділер бар.
СТЭНДАП: ГӘККУ БӘЙІШЕВА, ТІЛШІ: Біз қазір Көкшетау қаласындағы №725 сайлау учаскесінде тұрмыз. Дауыс беруге келдіңіз ғой, осы саяси науқаннан не күтесіз, соны айтсаңыз. Жауап: Не күтеміз, Қазақстанда, жақсылық күтеміз. Сұрақ: осы сайлаудан кейін елімізде қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз осы сайлаудан кейін. Жауап: Өзіміз бәрін жақсы жағына қарай жоримыз ғой.
СНХ: САМАЛ ЖӘМБЕТАЛИНА, №725 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қазақстан Республикасында Құрылтай сайлауы алғашқы рет өтуде. Учаскеде 2055 сайлаушы бар. Қазіргі уақытта сайлаушылар жақсы келіп жатыр. Адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Бізге 70-80 пайыз адамдар келеді деп үміттенеміз.
РКС: Қазіргі уақытқа дейін №725 сайлау учаскесінде 400-ден астам адам өзінің дауысын беріп үлгерді. Ал, №12 учаскеде 100-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасады. Байқаушылар барлығы заң талаптарына сай өтіп жатқанын айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ