Облыс бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары
ДИКТОР: Ақмола облысындағы 759 учаскелік сайлау комиссиясына дауыс беруге келуші сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Осы уақытқа дейін облыс бойынша дауыс беруге құқылы 518 мыңнан астам сайлаушының 19 процентке жуығы өз таңдауын жасап үлгерді. Учаскелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Әсіресе мүгедектегі бар жандардың дауыс беруіне ерекше мән берілген.
СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ғимараттар пандустармен және тактильді жолдармен жабдықталған, зағип сайлаушылар үшін Брайль шрифті бар трафареттер дайындалған. Бұдан басқа, бүгінде облыста қозғалысы шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған 149 автомобиль, соның ішінде 22 инватакси жұмыс істейді. Тізімде өзін таппаған азаматтардың мәселелерін жедел шешу үшін,жергілікті жерлерде тұрақты тіркеуді экспресс-тексеру сервистері жұмыс істейді. Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, дауыс беру белсенді режимде өтуде.