Құрылтай сайлауында жастардың белсенділігі жоғары болды
ДИКТОР: Ақмола облысындағы тұрғындардың үштен біріне жуығы – жастар. Бүгін өңірдегі жастар сайлау учаскелеріне белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.
РКС: Бүгін шаhардағы №20 сайлау учаскесінде 30-дан астам жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді. Олар үшін бұл күн – азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын білдірген маңызды сәт. Жастар қауымының айтуынша, алғашқы дауыс беру ерекше толқыныс пен жауапкершілік сезімін сыйлаған.
СНХ: АИДА ЕРЛАНҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін өзімді ерекше сезіп тұрмын. Себебі өте үлкен жауапкерлік. Дауыс беру. Және де осы дауыс беруге келген басты мақсатым – осы елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге өз үлесімді қосу деп санаймын. Сонымен қатар менің жасымдағы және жалпы Қазақстан республикасының азаматтарын да осы санауға қатысуға шақырамын. Өйткені бұл өте маңызды қадамдардың бірі деп санаймын.
РКС: Сайлау учаскесінде байқаушылар да жұмыс істеді. Олар дауыс беру үдерісінің белгіленген талаптар мен тәртіпке сай өтуін бақылап отырды.
СНХ: АЛМАГҮЛ ЖҮНІСОВА, «ЕЛ ДАУЫСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ: Мен Көкшетау қаласынан номер жиырмасыншы сайлау учаскесінде «Ел Дауысы» қоғамдық қорының бақылаушысы ретінде келіп, ат салысып отырмын. Сайлаудың ашық әрі анық өтуі ол, әрине, бақылаушылардың жұмысы деп ойлаймын.
РКС: Сағат кешкі сегізде №20 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталып, учаске жабылды. Комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті. Қазір олар қажетті құжаттарды рәсімдеп, дауыс беру қорытындылары туралы деректерді одан әрі өңдеу үшін тиісті органға жолдауда.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ