Ұлттық құрама Көкшетауда Азия ойындарына дайындалып жатыр
ДИКТОР: 19-шы қыркүйек пен 4-ші қазан аралығында Жапонияда ХХ Азия ойындары өтеді. Құрлық додасына 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түседі. Солардың бірі - әйелдер баскетболы. Қазір ұлттық құрама Көкшетауда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындық барысы туралы тілшіміз айтсын.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Дәл қазір біз шаһардағы Көкше-Арена спорт кешеніндеміз. Мұнда Қазақстанның әйелдер құрамасы қыркүйек айында өтетін Азия ойындарына дайындық үстінде. Айта кететін маңызды жайт, құрамадағы 12 спортшының 8-і «Оқжетпес» клубының ойыншылары.
СНХ: МИЛАНА КРУТЕВИЧ, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біз Азия ойындарына дайындалып жатырмыз. Жаттығу барысы жақсы өтіп жатыр. Мұнда білікті жаттықтырушылармен жұмыс істейміз. Жалпы дене дайындығына да көңіл бөлініп жатыр. Жаттығу залының жағдайы өте жақсы. Паркет, сақиналар, киім ауыстыратын бөлмелер - барлығы заманауи.
РКС: Спортшылар күніне екі рет жаттығады. Таңертең физикалық дайындыққа басымдық берілсе, кешкі жаттығуда ойын тактикасы мен түрлі комбинациялар пысықталады.
СНХ: БОРИС ФАТКУЛЛИН, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Жаттығу жиыны жақсы өтіп жатыр. Көкшетауда барлық жағдай жасалған. Спорт залы талапқа сай, көлік пен тамақтану жағы да ұйымдастырылған. Маған бұл база ұнайды, мұнда оқу-жаттығу жиынын өткізуге толық мүмкіндік бар.
РКС: Осылайша, алдағы уақытта Көкшетау әйелдер баскетболының тұрақты оқу-жаттығу базаларының біріне айналуы мүмкін. Ал жаңа маусымда «Көкше-Аренада» Қазақстан кубогы, ел чемпионаты және халықаралық жарыстар өткізу жоспарланған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ