Ақмолалық фермерлер жеңілдетілген лизинг алуға 400-ге жуық өтінім берген
ДИКТОР: Биылд ақмолалық фермерлер ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен сатып алу үшін 400-ге жуық өтінім берді. Аталған бағдарлама шаруаларға тиімді шарттармен машина-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Қаржылық қолдау жыл сайын ұлғаюда. Биыл еліміз бойынша ол сома 300 миллиард теңгеге жетті. Қаржыны ауыл шаруашылығына қажетті түрлі техника сатып алуға бағыттауға болады.
РКС: Биыл облыс шаруаларына 56 миллиард теңгеге 380 өтінім мақұлданды. Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін заманауи техника тиімді жұмыс істеудің маңызды құралына айналып отырғаны даусыз. Соның арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілуде, екіншіден ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткізуге зор қолдау болып отыр,-дейді мамандар. Бұланды ауданындағы «Новодонецк» серіктестігінің басшысы бірнеше жыл қатарынан «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасының игілігін көріп келеді.
СНХ: ҚАЗАҚСТАН ЖАНӘДІЛОВ, «НОВОДОНЕЦК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Екінші жыл қатарынан отандық комбайн сатып алып жатырмыз. Шаруашылығымызға 5 John Deere алдық. Өте жақсы техника, танап басында сынақтан өтті. Оған жылдық мөлшерлемесі 5 пайыздық қаржыландыру бағдарламасының арқасында қол жеткіздік. Одан бөлек «Табыс» қосымшасы бар. Техникаға 3 жыл кепілдік беріледі. Мұның бәрі біз үшін зор қолдау.
РКС: Өтінім беру кезінде ауыл шаруашылығы техникасының санына қатысты шектеу жоқ. Компанияның қажеттілігіне және төлем қабілеттілігіне байланысты лизингті әлдебір шектеусіз рәсімдеуге болады. Ең бастысы өтінім берушінің агроөнеркәсіп кешені субьектісінің мәртебесі болуы шарт. Екіншіден ешқандай қарызы болмауы тиіс.
СНХ: ОЛЕГ КЛИМОШЕНКО, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ НЕСИЕЛІК МЕНЕДЖЕРІ: Биыл лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникасының көлемі 900-ге жетіп отыр. Оның жалпы сомасы 51 миллиард теңге. Техника паркін жаңарту жұмыс сапасын арттырып, орындау мерзімдерін қысқартты. Бұл факторлар күзгі егін жинау науқанына оң әсер етері сөзсіз. Қазір жеңілдетілген лизинг бағдарламасына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр. Мақұлданған жобалар бойынша техника жеткізілуде. Қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2024 жылы жеңілдетілген лизингке бөлінген қаражат 120, былтыр 250 миллиард теңге болса, биыл бұл сома 300 миллиард теңгеге жетті. Бұл өз кезегінде техника паркін жаңарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді.
РКС: Бағдарлама отандық шаруаларды қолдауға және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды көздейді. Өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ