Негізгі Жаңалықтар Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы 35% төмендеген

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы 35% төмендеген


ДИКТОР: Ақмола облысында биыл жол-көлік оқиғаларына қатысты бірқатар қайғылы жағдай тіркелді. Адам өліміне әкелген ірі жол апаттары да бар. Соған қарамастан, өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

РКС: Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында бірқатар шара қолға алынған. Авариялық қауіпті учаскелерге жол белгілерін орнату, жол таңбаларын жаңарту және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қауіпті учаскелер анықталып, олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынды. 

СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Астана мен Щучинск қалаларының арасындағы жол учаскесінде көліктердің орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесін енгізілді. Бұл жол-көлік оқиғаларын болдырмауға өз септігін тигізді. Қазір Астана маңындағы, Қарағанды, Павлодар және Көкшетау бағыттарындағы жол учаскелерінде көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы белгіленген жол белгілері орнатылған. Бұдан бөлек, қазір автоматты тіркеу камераларын жаңарту мәселесі қарастырылып жатыр. Облыс бойынша мұндай 36 камера орнатылған.

РКС: Жол қауіпсіздігі тек көлік тізгіндегендерге ғана қатысты мәселе емес. Жергілікті атқарушы органдар жаяу жүргіншілердің де қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқаруда. 

СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі кезде 914 «Абайлаңыз, балалар!», 690 дана «Жаяу жүргіншілер өткелі», 500 «Ең жоғарғы шектеу», 192 жеке жобалау, 171 стробоскоп және 148 автотұрақ жол белгілері орнатылды. 192 жасанды жол кедір-бұдыр орнатылды. 301 білім беру ұйымында жол таңбасы сызылды. Сонымен қатар келесі құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жасанды жарақаттандыру орнату бойынша 185, тратуарлар 76, авто тқрақтарды жабдықтау бойынша 124, жұмыс атқарылды. 

РКС: Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында 82 жол қоршауы мен 5 бағдаршам орнатылды. Автомобиль жолдары мен көше-жол желісінің жай-күйін бақылау, анықталған кемшіліктерді жою және жол инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар қашан да басты назарда. Бұл мәселе облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар