Сазанның 90 мың шабағы өзенге жіберілді
ДИКТОР: Бүгін Ерейментау ауданындағы Селеті өзеніне балық шабақтары жіберілді. Аймақтағы су айдындарындағы тіршілікке төзімді шабақтарды Зерендідегі балық шаруашылығы өсіреді. Мамандар балықтарды жаңа ортаға қалай дайындайды? Тілші көріп қайтты.
РКС: Зеренді балық шаруашылығында қазір ақ балық пен тұқы шабақтары өсірілуде. Олар кейіннен аймақтағы су айдындарына жіберіледі. Арнайы комиссия күн сайын бұл процесті мұқият қадағалап, балықтардың тіршілікке қабілеттілігі мен төзімділігін тексеріп отырады.
СНХ: ӘБЖАН СӘРСЕНБАЕВ, «ЕСІЛ» ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Біз Ерейментау ауданына қарасты Байсары ауылының маңындағы Селеті өзеніне салмағы кемінде 12 келі болатын 90 мың дана кәдімгі сазан шабағын жібереміз. Алдымен шабақтардың бір бөлігін алып, салмағын өлшейміз және сол деректер негізінде орташа салмақты есептеп, жалпы санын анықтаймыз. Су қоймасына сазан жіберуіміздің басты себебі – ол тауарлы балық. Әрі әуесқой балықшылар арасында кеңінен танымал.
РКС: Өзенге кәдімгі сазанның жаз айларында жетіліп, күш жинаған шабақтары жіберіледі. Мамандар бұл балықтарды өсірудің барлық қажетті талаптарын сақтай отырып баптап өсіреді.
СНХ: КСЕНИЯ БАЛМАҒАМБЕТОВА, ЗЕРЕНДІ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мамыр айында біз аналық балықтарды дайындаймыз. Одан соң инкубация процесі жүреді. Қазір балықтардың орташа салмағы шамамен 15 грамм. Нормаға сай ол 10-нан 20 грамға дейін болуы шарт. Яғни балық шаруашылығының тоғандарында өсірілген бұл балықтар өте ширақ әрі белсенді. Біз ақсаха балығын өсіреміз. Инкубацияға келетін болсақ, біз 120 миллион данаға дейін өсіре аламыз. Дегенмен нақты көрсеткіш қолжетімді уылдырық материалы, тапсырыс көлемі және аналық балықтардың санына қатысты факторларға байланысты болады. Ал сазанға келсек, біз бір миллионға дейін шабақ өсіре аламыз.
РКС: Балықтар су айдынына дейін оттегімен үздіксіз қамтамасыз ету және су температурасын реттеу жүйесі бар резервуармен жабдықталған арнайы көлікпен тасымалданады. Бұл шабақтардың белсенділігін сақтауға және су астындағы тіршілік иелеріне зиян келтірмеуге мүмкіндік береді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ