Үлкен Шабақты көлінің аумағы қоқыстан тазартылды
ДИКТОР: 300-ге жуық адам Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінің аумағын тазалауға атсалысты. Табиғи паркті тазарту жұмысы «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылды. Тілші айтсын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бурабай курортындағы табиғи нысандардың тарихы тереңде жатыр. Сондықтан экологияны қолдау миссиясы аймақтағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға қатысты жұмыстармен бірге ұштастырылды. MADENI MURA клубының мүшелері, участники движение «Жасыл ел» қозғалысына қатысушылар, сондай-ақ волонтерлер мен қоғамдық ұйымдар бірігіп, өз күштерімен аумақты тазартты.
СНХ: МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлығымыз білеміз, биылғы жылы елімізде аптап ыстық көп болды. Осыған орай бізде Бурабай өңіріндегі туристердің ағыны өте көп болды. Сондықтан біз осы туристік сезонның соңына қарай волонтерлермен бірге, «Мәдени мұра» волонтерлерімен бірге осы ұлттық табиғатымызды сақтау мақсатында экологиялық акциясын ұйымдастырған болатынбыз.
РКС: Ұлттық паркке келген қонақтар мен көптеген тұрғын тазалықты сақтамайтыны қынжылтады. Экологиялық акцияны ұйымдастырушылар азаматтарды ел тарихы мен табиғатқа жанашырлық танытуға шақырады. Өткенді естен шығармай, табиғи нысандарға ұқыптылық таныту арқылы ғана болашақ ұрпаққа мұра қалдыруға болатынын естен шығармаған абзал.
СНХ: НҰРАС ЕРАЛЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тіпті Қазақстанның 1-ші шілдеде қолданысқа енген жаңа Конституциясының 40-шы бабында әр азамат еліміздің тарихи-мәдени мұрасына ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау қажеттігі жазылған.
РКС: Акцияға эковолонтерлер, азаматтық қоғамның өкілдері мен блогерлер қатысты. Белсенділер әсем табиғаттың көрікті жерлерін әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Қазақстандықтар еліміздің туристік әлеуетін танымал ету және қоршаған ортаны сақтауда азаматтардың жауапкершілік сезімін дамыту үшін осындай форматты жиі қолданады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, НАИР ЗАХОВАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ