Негізгі Жаңалықтар Өңірде 2 млн тонна астық бастырылды

Өңірде 2 млн тонна астық бастырылды


ДИКТОР: Биыл ақмолалық диқандар орақ науқанына жылдағыдан екі аптаға ерте кірісті. Нәтижесінде шаруалар бүгінде 1,6 млн гектар алқаптан 2 млн тонна астық бастырып үлгерді. Орташа өнімділігі гектарына 12,2 центнер.

РКС: Күннің аптап ыстығы астықтың ерте пісіп, жетілуіне игі ықпал етті. Мамандар жекелеген аудандарда бидайдың клейковина мөлшері 40 пайызға жетті,-дейді. Жалпы жаңа өнімнің 40 пайызының құрамында ақуыз бен клейковина мөлшері жоғары, әлемдік нарықта сұранысқа ие Hi-Pro стандартына сәйкес келеді. 

СНХ: МАГОМЕД-САЛИ АБУЕВ, «СПАССКОЕ-АГРО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Шаруашылығымыз шағын ғана. 8 мың гектар. Егістік алқапқа бидай, рапс, жасымық, зығыр мен күнбағыс ектік. Гектарынан 20 центнерден өнім аламыз ба деп отырмыз. Егінді төкпе-шашпай, уақытылы жинап алу үшін адам күші, техника бәрі жеткілікті. Мамандардың танап басында алаңсыз еңбек етуі үшін оларға барлық жағдай жасалуы шарт. Ең бастысы – адами фактор. Оларға қолдау көрсету.  

РКС: Биыл Ақмола облысы бойынша 5,6 миллион гектар алқапқа дән сіңірілді. Оның 4,5 милионы дәнді және бұршақ дақылдарына тиесілі. Диверсификация есебінен майлы дақылдар алқабы біршама ұлғайтылды. Аграрийлердің күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыруда мемлекеттің қолдауы зор ықпал еткенін айта кеткен жөн. Ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылып, арзандатылған жанар-жағар май, жеңілдетілген несие бөлінді.  

СНХ: АЗАМАТ ЕХСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешінін дамытуға 316 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі егін жинау науқанына 14 жарым мыңнан астам ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі алып жатқан өніміміз өте жақсы. Сапасы да жақсы. Қазір ауа райы да қолайлы. Егін орағы қызу жүріп жатыр бізде облыста. 

РКС: Жаңа өнімді қабылдауға дайындық та жақсы. Науқанға 67 астық қабылдау кәсіпорны мен жалпы сыйымдылығы 7,3 млн тоннаны құрайтын 1,5 мыңға жуық қойма дайындалды. Биыл ақмолалықтар 8 млн тонна дәнді-дақыл жинауды жоспарлап отыр. 

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар