Жастардың қоғамдық саяси үдерістегі жауапкершілігі
ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде белсенді жастар дөңгелек үстел басында жиналып, Құрылтай сайлауының нәтижелері және саяси доданың ел дамуындағы маңызы жайлы ой бөлісті. Жиынға қатысқан тарихшы ғалымдар жастардың елімізде болып жатқан осындай маңызды оқиғалардан қалыс қалмай, үн қатуы қажет екенін айтты.
РКС: Дөңгелек үстел басына жиналған жастарға тарихшы, ғалым Аманай Сейітқасымов Құрылтай деген сөздің алдымен астарына үңілу қажеттігін айтты. Оның түп негізінде құрылу деген сөз жатыр. Яғни, ел болу, бірігу дегенді білдіреді. Құрылтай хандар тұсынан бері қолданыста болғаны, елдің бетке ұстар азаматтары келелі жиында бас қосып, маңызды шешімдер қабылдап, кесімді пікір айтып, ел болашағына бағдар жасауды мақсат тұтқаны да ортаға салынды.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жастар туралы алынған баптар, 35 жасқа дейінгі жастардың еліміздегі қоғамдық, саяси, мәдени әлеуметтік өмірге ат салысуы, қазіргі біздің мемлекетіміздің алған саясаты әділетті, жаңарған Қазақстан. Бұл шын мәнінде жастар үшін керек. Өйткені ертеңгі мемлекеттің, шаңырақтың іргесін осы жастар, студенттер құрады. Сондықтан қабылданып отырған Ата Заңымыз да, Құрылтай да, оның жаңа құрамы да,мен ойлаймын болашақ жастар үшін деп.
РКС: Құрылтай сайлауының қорытындысында бес партия жеңіске жеткені белгілі. Қазір 545 кандидат депутаттыққа үміткер болып отыр. Олардан іріктеліп алынған 145 депутаттың 30 пайызын әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды,-делінді жиын барысында. Сайлауға өңір жастары белсене қатысып, өзінің таңдауын жасағаны да айтылды.
СНХ: ЕЛЕШ ШЫҢҒЫСХАН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 23 тамыз күні өткен сайлаудан кейінгі ойы, саяси мәдениетті қалыптастыру, бойынша ұйымдастырып отырмыз. Жастардың ойын тыңдадық. Жастардың ойын білу және қоғамдағы орнығатыны, саясат бойынша, ол бізге өте маңызды болып келеді. Саяси сауатты деп айту қиын, бірақ әр жастың өз қызығушылығы бар. Саясатқа қызығатын жастар бар.
СНХ: АҚСҰҢҚАР ҚУАТ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жастардың қоғамдағы белсенділігі өте қарқынды түрде дамып келеді. Себебі біздің жастар өте ақылды. Әркім өзінің ой-санасын қалыпастырып, Қазақстанның дамуына және өзінің тұлға болып қалыптасуына ат салыса отырып, саясат жолында өздерін қалыптастырып келеді. 23 тамызда Құрылтай сайлауында әр адам, әр жас өзі үшін, болашақ Қазақстанды құру үшін белгілі бір партияға өзінің дауысын бере отыра, өзінің таңдауын жасады деп ойлаймын.
РКС: Дөңгелек үстел басына жиналған белсенді жастар еліміздің өркендеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек деді. Сондықтан қашан да дұрыс бағытты ұстанып, өздеріне сенім артып отырған аға буын өкілдері үмітінің үдесінен шығу міндет екенін де баса айтты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ