Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасыларға арналған ашық есік күні өтті

Әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасыларға арналған ашық есік күні өтті


ДИКТОР: Ақмола облысында әлеуметтік осал топ санатына жататын отбасылардың саны біршама төмендеген. Бұл, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың халықпен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі. Бүгін Көкшетауда өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу, әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды қолдау және олардың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды. Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, халықпен ашық пікір алмасты.

РКС: Басқосуда бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Атап айтқанда, еңбек құқықтарының бұзылуы, баспана кезегіне тұру мәселесі және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналардың әлеуметтік мәселелері сөз болды. Соның бірі жалғызбасты ана Индира Абдуллина. 3 баланың анасы. Оның біреуі ерекше. Ол бүгінгі кездесуге әлеуметтік мәселесін айтуға келіпті. 

СНХ: ИНДИРА АБДУЛЛИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мұнда өз мәселелерімді шешуге келдім. Рахмет барлығын тыңдап шықты. Нөмірімді алды. Біраз көмек жасаймыз деді. Назарларын аударып. Мен квартира снимать етіп тұрамын. Көп ақша сол баламның по уходу сол үйде отырамын. Балам ДЦП. Ақшаның барлығы квартираға кетеді. АСП ком,услугаға кетеді. Баланың еміне қаражат мүлдем қалмайды. 4 айда бір Қамқордан бесплатный бір ем аламыз. Арасында бір платный алайын десек оған қаражат жоқ.

СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 14 сұрақ келіп түсті. 8 адам қабылдауға жазылып, бәрі келді. Негізгі сұрақтар денсаулық сақтау саласына қатысты болды. Қажетті қызметтерді қайдан және қалай алуға болады, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар. Сонымен қатар білім беру және тұрғын үй мәселелері бойынша да өтініштер түсті. Қабылдауға «Отбасы банк» мамандары қатысып, азаматтарға сол жерде кеңес беріп, тұрғын үйге қатысты мәселелерді шешуге көмектесті. 

РКС: Айта кетейік, жуырда қоғам белсендісі Анаргүл Мұхамедрахимова Ақмола облысы бойынша әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілі болып тағайындалды. Басқосуда көтерілген мәселелердің барлығы әлеуметтік осал топ санатындағылардың күнделікті өміріне тікелей қатысты. Айтылған ұсыныс-ескертпелер жауапты органдарға жолданады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар