Аймақта тағы бір есрткі зертханасы жойылды
ДИКТОР: Осы жылдың алғашқы 7 айында Қазақстанда 4,5 мыңнан астам есірткіге қатысты заң бұзушылық анықталды. Қара нарықта «Синтетика» көш бастап тұр. Целиноград ауданында өткізілген жедел-алдын алу шараларының нәтижесінде полицейлер синтетикалық есірткі өндірумен айналысып келген кезекті зертхананың қызметін тоқтатты. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері анықталған 17-ші зертехана.
РКС: Тінту кезінде полиция қызметкерлері жарты келіден астам дайын өнімді анықтады. Сонымен қатар тыйым салынған затты дайындауға арналған химиялық прекурсор мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді. Заттай айғақтарға тиісті сараптама тағайындалды.
СНХ: АРМАН САДЫХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бастап құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен күшімен облыс аумағында 432 килограммнан астам есірткі тәркіленді. Синтетика дайындайтын 3 есірткі зертханасы, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды.
РКС: Еліміздің Ішкі істер Министрлігі «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары есірткі бизнесімен айналысқан 7 қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Оның 9 көшбасшысы мен 40-тан астам қатысушысы ұсталды. 12 қылмыстық іс қозғалды. 865 келі есірткі тәркіленді. Осылайша миллиондаған доза заңсыз айналымға жіберілген жоқ.
СНХ: БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Сонымен қатар есірткі бизнесінің қаржылық негізін жоюға бағытталған шаралар қабылдануда. 258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шоттың транзакцияларына шектеу қойылды. Интернет кеңістігінде де заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды. Мемлекеттің есірткіге қарсы саясаты қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығын қорғауға және есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
РКС: Құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдердің есірткіге қатысты заңсыз әрекеттерге тартылуы ерекше алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті. Жыл басынан бері еліміз бойынша кәмелетке жасы толмаған 55 жасөспірім ұсталды. Олардың 32-сі есірткі саудасына араласқан. Қазақстанда есірткіге қарсы алдын алу шаралары екі миллионнан астам жасөспірім мен жастарды қамтыды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы тақырыпта шамамен 24 мың материал жарияланды.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ