Негізгі Жаңалықтар Көкшетауда 17 трансформаторлық қосалқы станция жаңартылды

Көкшетауда 17 трансформаторлық қосалқы станция жаңартылды


ДИКТОР: Көкшетауда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Көкшетау Энерго» серіктестігінің 2026–2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында, биыл электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңартуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қаражат есебінен 17 трансформаторлық қосалқы станциясы жаңғыртылуда. Оның екеуінде жабдықтар заманауи жабдықтармен алмастырылса, 15-і қайта салынды. 

РКС: Жаңа құрылған нысанның бірі Застанционный шағын ауданындағы трансформаторлық қосалқы станциясы. Жарты ғасырға жуық уақыт қызмет еткен ескі нысанның орнына бүгінде қуаттылығы жоғары, заманауи талаптарға сай жаңа станция бой көтерді. Станция 220 киловольттық «Көкше» қосалқы станциясымен 4 әуе желісі арқылы қоректенеді. Бұл электр қуатын үздіксіз жеткізіп, желідегі іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді. 

СНХ: НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Бұл өңрде 9 қосалқы станциямыз бар. Олар толық биыл аяқталды, ауыстырылды. Соның бірі №166-шы болып есептелетін қосалқы станция. Оның қуаттылы 400 кв ампер болған, қазіргі таңда оны 1600 кв ампер қуаттылығына ауыстырып жатырмыз. Бқл өңірлерде арнайы қосылған тұтынышулардың бірі, ол біздің №14 мектебіміз, балабақша және жекеменшік тұлғалар қосылады. 

СНХ: АЛТЫНБЕК МАХАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2500 тұтынушы бар. Соның қазіргі уақытта бізде 750 тұтынушыға 0,4 кв кіріс кабелі ауыстырылды. Бұл жұмыстар тұтынушыларға сапалы электро қуатын жеткізу үшін жасалды. 

РКС: Бұдан бөлек, «Көкшетау Энерго» серіктестігі қала әкімдігімен бірлесе тозығы жеткен электр бағаналарын жаңартып, көшелерге жаңа жарық шамдарын орнатты. Сонымен қатар, Застанционный шағын ауданындағы бірнеше көшеде 16 шақырымнан астам әуе электр желісі ауыстырылды, оның 2 шақырымнан астамы инвестицялық бағдарлама бойынша. Көзге бірден байқала бермейтін бұл жұмыстардың тұрғындар үшін маңызы зор. 

СНХ: РАМЗАН ВАШКОВЕЦ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мектептің жанынан жиі өтемін. Бұрын бұл жерде сымдар салбырап тұратын. Әсіресе балалар өткен кезде қауіпті еді. Алаңдайтынмын. Қазір қарап тұрсам, жігіттер бәрін ретке келтіріп, жөндеп қойыпты.

РКС: Инвестициялық бағдарлама аясында атқарылып жатқан игі істер Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген. Ол «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. 2027 жылы да инвестициялық бағдарлама аясында 10 трансформаторлық қосалқы станциясын, 2 тарату қосалқы станциясын және кабельдік желілерді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. 

РИЗГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ



Бөлісу

Аймақтық телеарналар