Негізгі Жаңалықтар 3500-нан астам қызмет алушының құқығы қорғалды

3500-нан астам қызмет алушының құқығы қорғалды


ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет алудағы кедергілер «1414» бірыңғай байланыс орталығы арқылы арыз-шағымдарды жедел қараудың арқасында біртіндеп азайып келеді. Нәтижесінде кәсіпкерлер мен шаруалардың бұзылған құқықтары қысқа мерзімде қалпына келтірілуде. Ақмола облысында жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар мен бақылау шараларының нәтижесінде 3600-ден астам қызмет алушының құқығы қорғалды. Оның басым бөлігі, жер қатынастары, геодезия және картография саласына қатысты.

РКС: «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін ала алмаған кәсіпкерлердің қатары көбейді. Жауапты мамандардың араласуы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығы қорғалып, қажетті қызмет көрсетілуде. Мәселен, 2 шаруа қожалығына 2 мың гектардан астам шабындық алқабын егістікке ауыстыруға рұқсат берілсе, құқықтары бұзылған 180-ге жуық шаруаға 418 миллион теңге көлемінде субсидия төленді. Бұдан бөлек, бірқатар арыз-шағым қаралып, шешімін тапты.

СНХ: ЖАНАР САҒДАТ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Департамент мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына, олардың жүйелі проблемаларының шешілуіне үлкен көңіл бөледі. Шағымдарды қарау, тексеру, сыртқы бақылау жүргізу нәтижесінде 3627 қызмет алушының бұзылған құқықтары қорғалды. Олардың ішінде, 3448 қызмет алушыға жер қатынастары, геодезия және картография, 179 – ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша.

РКС: Бұдан бөлек, Департамент мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде ауыл тұрғындарының жер комиссияларының шешімдеріне қатысты өзгерістер енгізді.  

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жер комиссиясына тәуелді жағдайларды азайту бойынша, мемлекеттік қызметтер агенттігіне тиісті ұсыныстар енгізілді. Ол ұсыныстар қабылданып, ағымдағы жылы сәуір айында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақытта ауылдық елдімекендерде жер учаскелері кент, ауылды жерлерді жер учаскелерін беру қызметі арқылы, жер комиссиясының қатысуынсыз жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік аппаратты жеке жауапкершілікті арттырып және субъективті шешімдердің алдын алуға өз септігін қосады.  

РКС: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің осы жылдың 3 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларына енгізілген өзгеріс мемлекеттік қызмет алу жолын барынша жеңілдетуге септігін тигізуде. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу

Аймақтық телеарналар