Қоғамдық бақылаудың тиімді тетіктері
ДИКТОР: Ақмола облысының Қоғамдық кеңес мүшелері Макинск қаласындағы инфрақұрылым нысандарына практикалық қоғамдық бақылау жүргізді. Тексерілген нысанның бірі – қаланың орталық саябағы. Аумақты аралап, нысанның жағдайымен танысқан қоғамдық кеңес мүшелері кейін диалог алаңында бас қосты. Онда қоғамдық бақылаудың тиімділігі, анықталған мәселелерді шешу жолдары мен мемлекеттік органдармен өзара байланыс мәселелері талқыланды.
РКС: Макинск қаласының орталық саябағын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биыл саябақты толық аяқтауға 233 миллион теңге бөлінді, оның 210 миллион теңгесі игерілген. Мердігердің айтуынша, абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі бітіп тұр.
СНХ: БАҒЖАН КҮЛБАЕВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: Саябақ бойынша атқарылған осы балаларға ойын алаңы қойылды. Тағы брусчатка барлығы бітті. Енді тағы 1-2 качелялар келеді, соларды қойамыз. Болды сонымен жұмыс барлығы бітеді. Әжетханалар барлығы бітеді. +скл+ 00,54 Жұмыстың 99 пайызы бітті.
РКС: Саябақтың жалпы аумағы 9,5 мың шаршы метрден асады. Айналада шағын сәулет нысандары, заманауи би алаңы және биодәретхана орнатылған.
СНХ: САМАТ ЖҮСІПОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мердігер өз міндеттемелері аясында барлық жұмысты орындап жатыр. Шамамен 50 шаршы метр аумаққа брусчатка төсеу және бұған дейін жасалған жұмыстардың барлығын талапқа сәйкестендіру қажет. Саябаққа үш бейнебақылау камерасы орнатылды. Қосымша тағы екі камера орнатуды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін оларды іске қосып, нысанның қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етеміз.
РКС: Қатысушылар нысанды аралап болғаннан кейін аудандық Мәдениет үйіне жиналды. Мұнда өткен диалог алаңына алты аудан мен Көкшетау қаласының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қоғамдық кеңестердің жұмысын одан әрі жетілдіру, олардың тиімділігін арттыру және қоғаммен өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады.
СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Бүгінгі талқылауда мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының тиімділігіне, әсіресе бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарламалар мен жобалардың орындалуына баса назар аударылды. Бұл бағытта Бұланды ауданын атап өтуге болады. Азаматтық қоғаммен тиімді байланыс нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар Макинск қаласының көшелеріне су құбырын жерасты әдісімен жүргізу жұмыстарын аяқтап жатыр. Сондай-ақ, Бурабай ауданын атап өткен жөн. Мұнда Қоғамдық кеңес мүшелері өте белсенді жұмыс істеп, жергілікті мәселелердің шешілуіне өз үлестерін қосып келеді.
СНХ: ОЛЕСЯ БАИМОВА, БУРАБАЙ АУДАНЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Біз үшін бұл, ең алдымен, тәжірибе алмасу. Өз жұмысымызды қалай жүргізетінімізді көрсету, басқа аудандардан қандай да бір тәжірибе алмасу. Екіншіден өз ұсыныстарымызды жеткізуге, шағымдарымыз болса, айтуға таптырмас мүмкіндік. Жалпы алғанда, қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға, жаңа нәрселер үйреніп, пайдалы байланыс қалыптастыруға көмектесетін орта.
РКС: Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыстың алдағы басым бағыттарын айқындады. Негізгі мақсат – қоғамдық бақылаудың кемшіліктерді анықтаумен шектелмей, әлеуметтік маңызы бар жобалардың сапалы әрі тиімді іске асырылуына ықпал ететін құралға айналуын қамтамасыз ету.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ