Негізгі Жаңалықтар Өрт қаупінің алдын алу айлығы басталды

Өрт қаупінің алдын алу айлығы басталды


ДИКТОР: Ақмола облысындағы құтқарушылар пешпен жылытылатын жеке үйлердің шамамен 2500 тұрғынына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара 15 тамызда басталған Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ұйымдастырылды. Тілші баяндайды. 


РКС: Ақмола облысының тұрғындары алдағы жылу беру маусымына белсенді дайындалып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де олармен бірге тиісті дайындық шараларын жүргізуде. Жыл сайын осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт оқиғаларының көбеюі байқалады. Тек өткен жылыту маусымының өзінде осындай 325 оқиға тіркелген. Тұрмыстағы өрт апаттарының алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. 


СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Айлық шеңберінде азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарымен, волонтерлермен және басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Мұндай іс-шаралар барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреді, жылыту жабдықтарының жай-күйіне, пештерді қауіпсіз пайдалану жағдайларына, электр сымдарының жағдайына және өрттің туындауына себеп болуы мүмкін басқа да факторларға назар аударады.   

РКС: Алдын алу шаралары аясында құтқарушылар өрт қауіпсіздігі құралдарын орнатып, автономды жылыту жүйелерін тексеріп жатыр. Бұл ықтимал қауіптерді жоюға, сонымен қатар төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

СНХ: ДОСБОЛ ЖАҚСЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде шамамен 80 көміртегі тотығы мен түтінді анықтайтын датчик орнатылып, жылыту пештерінің 42-ден астам түтін мұржасы тазартылды. Арнайы өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз ету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағынан 12 бетон блок және басқа да кедергі келтіретін құрылғылар алынды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін ерекше атап өткім келеді. Егер азаматтардың өздері қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын елемейтін болса, тіпті ең ауқымды профилактикалық жұмыс та тиісті нәтиже бермейді. 

РКС: Төтенше жағдайлар департаменті халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін жауапкершілікпен сақтауға, жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, электр тізбектерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге, балаларды немесе белсенді электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауға шақырады.   


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар