Жастарға кешенді көмек көрсетіледі
ДИКТОР: Көкшетауда жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Мұнда 10 жастан 35 жасқа дейінгі жастар медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек ала алады. Қажет болған жағдайда терапевт, гинеколог, психолог және басқа да мамандар кеңес береді. Жастар өз мәселесін еркін айтып, қажетті көмекті құпия түрде ала алады.
РКС: Жыл басынан бері шаһардағы жастар денсаулық орталығына үш мыңға жуық адам жүгінген. Жастар көбіне репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, жұқпалы аурулардың алдын алу және дене салмағына қатысты мәселелер бойынша кеңес алады.
СНХ: ГҮЛНАЗИЯ ЗҰЛҚАРНАЕВА, ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КООРДИНАТОРЫ: Біздің Жастар денсаулық орталығы еріктілік, қолжетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттары негізінде жұмыс істейді. Орталық жасөспірімдер кезеңінің ерекшеліктеріне байланысты денсаулық мәселелері бойынша кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді. Жастар денсаулық орталығында білікті мамандар жұмыс істейді. Олар: терапевт, педиатр, гинеколог, психолог, дерматовенеролог, заңгер және әлеуметтік қызметкер.+скл+ Көмек алу үшін алдын ала арнайы тіркеуден өту міндетті емес. Жастар өздерін алаңдатқан денсаулық мәселелері бойынша орталыққа келіп, қажетті мамандардан кеңес пен көмек ала алады.
РКС: Жастардың дені психологиялық көмекке жүгінеді. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтап, тиісті көмек көрсетеді.
СНХ: ҰЛПАН АМАНБАЕВА, ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ: Жастар көбіне жаңа ортаға бейімделу, жаңа адамдармен қарым-қатынас орнату, отбасыдағы немесе достар арасындағы келіспеушіліктер бойынша келеді. Кейде адам алға жылжи алмай, белгілі бір жағдайға байланып қалады. Біз алдымен оның себебін анықтап, сол мәселені шешуге көмектесеміз.
РКС: Шаһарда жастарға қызмет көрсететін осындай екі орталық бар. Олар қалалық емхана мен «Панацея» клиникасында орналасқан. Екі орталық жылына шамамен 50 мың жасты қамтиды. Бұған қоса, мамандар жастармен мектептер мен жоғары оқу орындарында да кездесіп, денсаулықты сақтау және түрлі мәселелердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АЛМАС САДВАКАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ